jasqazaq.kz

Адалдықты ту еткен ақын (Видео)

20 сәуiр, 12:24

“Мақтанып аға демей өз ағасын,
Кикілжіңге шаптырмай, сөз арасын.
Жүген-құрық тимеген жүйріктей боп,
Шаппасаң, топтан қайтіп оза аласың?
… Намысқа шабатындай ұлан болса,
Мақтанар ҚАЗАҚ болып туғанына!

Жас ұрпақты адалдық пен адамгершілікке, асқақ мұратқа ұмтылу мен парасат биігінен көрінуге үндеген көрнекті қаламгер Есләм Зікібаевтың туғанына биыл — 90 жыл.

16 сәуір күні Жамбыл атындағы ҚЖК-да ақын Есләм Зікібаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қас қағым сәт» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Шараға жазушы-публицист, журналист Марат Тоқашбаев, ақын, әдебиетші, филолог, мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма мүшесі Әділғазы Қайырбеков және ақынның жары Рауза Зікібаева арнайы қатысып, Есләм Зікібаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы әсерлі естеліктерімен бөлісті.

Басқосуға №1 Алматы қалалық гуманитарлық-педагогикалық колледжінің студенттері қатысып, ақын мұрасымен тереңірек танысты. Сонымен қатар Алматы технология және флористика колледжі, Сүйінбай атындағы №143 лицей оқушылары да шара қонағы болды.
Іс-шара барысында естелік әңгімелер айтылып, ақын шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетілді. №110 мектеп-гимназиясының оқушысы Бектенов Хангелдінің арнауы ақын рухына арналды.

Келген қонақтарға кітапхана тарапынан сыйлықтар табысталып, шара соңында естелік суретке түсті.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Jas Qazaq

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар