Абылайхан Қуанышев Асылбекұлы. Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті

03 наурыз 2017, 21:00

Мен және ғаламтор

 

«Түн деген тажал тіршілік тылсымын табиғатқа тамызғысы келіп- ақ тұр. Адам деген дүниенің кербез көрінісіне көлденең сызат түсе ме, әлде, болмаса арамзалықтың бәрі ақпен құртыла ма, оны Тәңірдің еншісіне қалдырдық» деп басталуы керек еді әңгіме…

Мен – сіздердің сағым сағыныштарыңыздан салынған көктеменің сұлу сылқымы емеспін. «Мені де бөрі жаратты» деп оқығам дала дүниесінен. Демек, мен – бөрімін. «Қас сақтың» қабілетіне қанығып өстім. Эх, дүние- ай… Қасқыр мен Қаншықты бабаға балайтын  бұлыңғыр дәуірлер өтті. Шыңғыстар зар жұтқызып, қылышты қанмен суаратын зұлым замандар да өтті. Қарап отырсақ, дәуірмен бірге қатпар – қатпар тарихқа төтеп бере алатын ешкім жоқ. Сол дәуірмен бірге туады, сол дәуір бірге өледі. Рас, адам атаулының «алып ұрғаны» болмаса, күйбең тірлікпен қазаны қайнасқан қай құбылыс есіңізде қалып еді?! Ал, ертеңді бүгінмен тоқайластырып, сайқымазақ үннің жүрегінде жетіліп, көк дөнең көтеріп   тұрған ғаламат ғаламшардың ғаламторына не дейсіздер?!

Бұл заман – менің заманым. Азан мен намаздай дүниенің дақпырты да,

дау – дамайы да менікі. Оған алабөтен біреудің  бас сұғып басқаруына да қарсымын. Менің дәуірім шығыстың жеті шайырымен шарықтап, Шыңғысша мың құбылып, Махамбеттің алдаспанындай адуын шашып, қайта қынына түсе алмайтын дәуір. Тажалша төнетін, талайлы тағдырдың сөлін сорғалатқан, тарамыс тарихтың табанында тапталған, арзанқол дүние де емес.

Әр адам өз дәуірімен ұлы. Ұлылар өледі. Ұлылардағы бар асыл қасына ғана өлмейді, қайта дәуірлермен бірге жасарып, кезеңдердің қазанында қайнамақ.

Мен білетін Бүкіләлемдік өрмекшінің  (всемирный паутина) қазіргі құндақтан құлаған қазымыр кезеңдегі жұрттың жігі мен жілігіне бөліп қарайтыны «Инь мен Янның» түсініксіз деңгейі. Өйткені, өре дейтін дүниенің ұлы мұрат жолындағы жаңаруы «аспан асты елінің» Құдайдай сенетін тамшы тылсымынан аса алмай отыр емес пе? Ал, түсіндірелік. «Инь мен Ян» яки «Жақсылық пен жамандық». Шынына келсем, әлем деген алыптықтың жұдырықтай жүрегінде қасиетіне тұншығып тынатын ғаламат дүниелер көп.  Жақсы киенің жаман қасиетке айналуы бәрі – бәрі тылсымға толы фәнидің тегеурінсіз тірлігі сынды, сананың сорын сапырылыстыруда. Инь – жақсылық, Ян – жамандық. Айта кететін жәйт, ең қызығы жақсылықтың жамандықсыз күн кеше алмауы, жамандық пен жақсылықтың бір бүтін болуы ең қызық дүние. Мысалғы суды алып қарасақ. Су – тіршілік көзі. Әлем деген әңгүдіктелген уақыттың шөліне шарап, еміне шипа болатын нәрсе. Демек, осындай жағдайда су өзінің «инь»  деңгейіне жетеді. Сондағы ең керемет деп отырған дүниеміздің «Янға» да тиесілі болғаны қалай? Судың да «Яндық» деңгейіне жететін тұсы болады. Мысалғы сіздер білесіздер табиғат – ананың жүрексіз жолдамалары бар. Алдына түскенді жер жастандырып, күлін көкке ұшыратын қуат күші бар. Міне, осы тұс – судың «Яндық» деңгейінің теңсессіз дәрежеге жетуінің анық көрінісі.

Біздің заманымыздың зерделі де жаңа жаңғырығы, ол – Ғаламтор. Қазіргі таңда ғаламтордың Ины мен Янына дау – дамай сұмдық жоғары деңгейдің жебіріне жетті. Десе де, «Инь мен Янның» еншісіндегі Ғаламтор несімен ерекшеленді? Ол маған біреумен сөйлесу сырына баулымады. Тіліме тиек болар сөздерді де миыма қосақтамады. Тек маған ғаламның төрт бұрышын да жақындатты. Рас, тіліне кие біткен данышпандар мен білімді — сымақтардың көп сыны мен дауына түсіп қала беретін күрделі мәселе болғанымен, ғасыр құндағы оны әдемі әлдилеп отыр. Әрине, қазақ атам айтпақшы, «ит үреді, керуен жүреді».

Көңіл толқынындағы келеңсіз құбылыстар жүрек – жартастың құдіретін қашаумен әлек.  Ой деген тұнық дүниенің машақаты көп екен. Түнімен ойланам. Менің күнді күнге жалғап кешкен тірлігім шексіз болмайтынын мен жақсы білем. Алға қарай басылған әр қадам – соңына жұмыс істейді. Пәтуәсіз тірлікті Тәңірдің өзіне кері қайтарар күнге жақындата түседі. Осындай салмақты әңгімеге бой ұсынғаным ақымақтық шығар. Бірақ, шыңның өзі үгіліп кәрі кемпірдің бөксесі сынды болады емес пе?! Ғасыр да сарқылады. Сарқылмайтын жалғыз ғана нәрсе бар, ол – Ғаламтор. Оны сарқылтпайтындар – уақытқа қарсы шарасыз кейпімен еске түсетін жандар.

 

«Түн артынан күн келіп, сылқым сұлулық пердесі түрілді. Түн бойы тамылжып өткен биязы мезгіл кәрі кемпірдің милығына түсіп, мазаны алуда. Әлде бұл біз күткен бір белгі ме еді? Оны да Тәңірдің еншісіне қалдырдық» деп аяқталуы керек еді әңгіме…

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді