Ақгүл АЙДАРБЕКОВА Қазақ Мемлекеттік қыздар Педогогикалық Университетінің 2- курс студенті

03 наурыз 2017, 21:00

Мен және ғаламтор

1.Бақытын іздеп жүр- ау қанша жандар,

Сарылып, күтіп жүріп шаршағандар.

Ғаламтор бақытым деп табатындар,

Бақытын әлі іздеп таппағандар- дегендей өмірін ғаламторсыз елестете алмайтын жандар жайлы сөз қозғамақ ниеттемін.Әрине, соның ішінде мен де бармын! Сонымен, ғаламтор… Ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатігездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы. Тұтасқан әлем. Өрмекшінің торы дерсіз. Енді шынайы сүйіспеншіліктің орнын, жылтыры мол виртуальды махаббат, шынайы аралас — құралас достықтың орнын виртуалды сыйластық басып келеді. Тек көгілдір сағымды ғаламторлардың ішінде сан мен цифрлардың, әлдебір атаулар мен өзіңе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын есімдердің көптігі жағдайды қиындатады.Ғаламтордың арқасында қасындағы дос-жараның, құрбы- құрдастарыңмен араласпауыңыз ықтимал.Дегенмен әлемнің екінші бір шетіндегі мүлдем танымайтын адамыңызды танысыңыздан да жақын ете аласыз.Қысқасы алысты жақындататын, жақынды алыстататын керемет дүние.Сіз өмірде мүлдем қарапайым пенде болып, ал ғаламторда кешегі Сократтардың соңғы тұяғы секілді пәлсапаның түр- түрін соғып отыра аласыз.Ал жалғыздық пен күйзеліске түскенде ше?! Сізге арнайы психолог маманына барып, уақытыңызды тәрк етудің мүлдем қажеті шамалы.Жәй ғана ғаламторда отырып, танымайтын адамға бар мұңынмен шеріңді жайып салып бір серпіліп қалуына әбден болады.Тек болу мен бордай тозудың арасында шыж-быж болып дүдамал күй кешпесеңіз болғаны.

Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты.Біз ойлағаннан әлдеқайда көп.Бұл көрсеткіш әйгілі Ер Төстік ертегісіндегідей күн санап емес, минут сайын, секунд сайын тіптен миллисекунд сайын өсуде.Ал сол ғаламтордың алдында күн- түніне қарамай, мелшиіп отыруымыздың қаншалықты зияны яки пайдасы бар екен? Меніңше пайдасына қарағанда зияны айтарлықтай көп секілді.Мәселен: мамандардың айтуынша қоғамдық желіге құмар жандар күнінің көп бөлігін компьютердің алдында отырып өткізеді. Сол себепті олар артық салмақ жинағандарын да байқамай қалады екен. Тағы бір қызық жайт: компьютер мен ғаламторға әуес жандардың банкротқа ұшырап, бар жиғандарынан айырылу мүмкіндіктері жоғары екен. Сондай-ақ, неге екені белгісіз, компьютер алдында бар уақытын өткізетіндердің кредиттері бойынша қарыздары және басқа да ақшалай қиындықтары көбірек. Сонымен, ғалымдар ғаламтормен тым әуестену артық салмақ жинау мен кедейлікке алып келеді дейді.

2.Бүгінгі күйім жұтап тұр менің,

Білімнің кесіп бұтақ- бүрлерін.

«Инемен құдық қазған» күн қайда?

Интернет қазды ау кітаптың көрін!- деп Қалқаман ағамыз айтпақшы кітап оқитын жастардың қарасы азайды.Мәліметтің өтірік- шындығына көз жеткізбей жатып, жастар жағы бар көрер қызық, кешер қуанышым, оқитын кітабым, бар бақытым- ғаламторым деп тапты.Яғни өскелен ұрпақтың ойлау қабілетін тежеп тастады.Бұрындары жастар қолдарына тиын түсе қалса, өздері ұнататын көркем шығармаларды сатып алуға ұмтылатын. Сосын жақсы шығармаларды қолдан-қолға өткізіп оқитын. Ал қазір керісінше, жастар ақшасын телефон бірліктерін сатып алуға, интернет қызметтерін төлеуге жұмсайды. Осының соңы рухани ашаршылыққа әкеліп соқтыратыны сөзсіз.

3.Тағы бір айта кетерлік мәселе, ғалымдардың әлеуметтік желі туралы зерттеулерінде, «Инстаграм» желісі депрессияға ұшырататын желі деп аталған. «ВКонтакте», мамандардың пікірінше, суицидке апаратын желі болып шыққан. Мүмкін, оның еліміздегі жасөспірімдер арасында суцидтің белең алып тұрғанына да ықпалы бар шығар. Елімізде 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіні қолдануына заңмен тыйым салынуы мүмкін. Осындай бастама көтерген депутаттар ата-анасының рұқсатынсыз ғаламтордан жеке парақша ашпауы тиіс деген.Өйткені, интернетте суицидті ашық жазатын сайттар мен жат ағымды насихаттаушылар көбейген. Қазақстан өзіне-өзі қол салған балалардың саны бойынша әлемде үшінші орыннан түспей келеді.Бұған дәлел ретінде жақында ғана ғаламторды дүр сілкіндірген «синий кит», «тихий дом» ойындары жайлы айтпаса болмас. Ассоциация мамандары осы ойынның әлеуметтік желіде егжей-тегжейлі қалай ойналатыны шыққаннан кейін үрейлене ескертеді. ВКонтакте желісінде «Синий кит» және «Тихий дом» топтарында балалар мен жасөспірімдерді осылай аталатын ойынға шақырып, жастарды суицидке итермелейтін көрінеді.Ойнап жүріп, от басты деген осы..

Қорытынды.Қысқасы компьютер мен ғаламторды қандай ой-талғамда қалай пайдалану, әр азаматтың өз білім-деңгейіне, еркіне, адамдық арына, кісілік ұстанымына байланысты. Егер пайдаланушы өзін дұрыс арнаға салып тежеп-тектей білмей компьютер мен ғаламтордың жетегіне орынсыз ерік берсе, қажетін алып, қабілетін өсіре алмай, мағынасыз қысыр кеңес, бұралқы ойдың бұйдалауымен өз өмірін өзі ойыншық етіп азып-тозатын, саналы ғұмырын, алтын уақытын құр сандалыспен қор етіп өткізетін, денсаулығынан айырылып айықпас дертке душар болатын болады. Ал дұрыс мақсатта пайдалана білсе компьютер мен ғаламтор адам өмірін әрлендіріп, кісілік құнын жоғарылатып, ғылым төріне жетелейтін ғаламат құрал.Ал мен өзімді ғаламтор атаулысын азырақ пайдалануға дағдыландырып жүрмін.

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді