Ақерке Ермахан Күнәділқызы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2 курс студенті

03 наурыз 2017, 21:00

Мен және ғаламтор

1.Ғаламтордың маңызы

Қазіргі таңда интернет дүниежүзінің шалғайдағы ауыл-аймақтарына да жетіп отыр.Әрине жаһанданған заманда бұған қуану керек.Дегенмен де, қамшының екі ұшы бар дегендей ғаламтордың да екі жағы бар. Мәселен, жеткіншектер өз беттерінше ойлау мүмкіндіктерінен айырылып бара жатыр. Басқаша айтқанда, барлығын «ақылды құрылғыға» жүктейтін «компьютер бас» ұрпақ қалыптаса бастағаны ғалымдарды қатты толғандыру үстінде. ХХІ ғасырдың алғашқы он жылы ішінде ғана дүние жүзіндегі интернетке қосылған адам саны 350 миллионнан 2 миллиардқа дейін өскен. Ал, ұялы телефон байланысын пайдаланушылар да осы кезеңде 750 миллионнан 5 миллиардқа дейін көтерілген. Бүгінде бұл көрсеткіш 6 миллиардтан асты. Технология дәуірі осы үдерісінен жаңылмай дами беретін болса, алдағы бес-он жылда жер беті халқы интернетпен толық қамтылары сөзсіз.

 

  1. Ғаламтордың пайдасы мен зияны

Менің ойымша қазіргі таңда ғаламторды қолданбайтын адам кем де кем.Себебі жұмыстан қалт етіп босай қалсақ, қолымыз ұялы телефонға жүгіреді,оны қойшы жұмыстың өзінде бір нәрсе керек бола қалса тез ғаламтордың көмегіне жүгінеміз.Неге дейсіз ғой Біріншіден,көп уақытты алмайды;Екіншіден,іздеген нәрсеңіз лезде шыға келеді.Үшіншіден,ғалам жаңалықтарын ғаламтор арқылы құлақдар болып отырасыз. Төртіншіден,адамдар арасындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға мүмкіндік береді.

Әрине, ғаламтордың пайдасы мен қатар зияны да бар.Үйде ата-анамыз, жалпы үлкен кісілер «Ғаламторда көп отырма!» деген сынды көп ескертулер айтады. Яғни бұл- ғаламторға тәуелділік.Қазіргі кезде 10% желі қолданушылары ғаламторға тәуелді екен.Бұл бір.Екіншіден,ұялы телефонды немесе компьютерді ұзақ қолданған адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді.Яғни, көзінің көруінің төмендеуіне не қимыл-тірек ауруларына алып келеді.Үшіншіден, ғаламтор адам психологиясына кері әсер тигізеді.Көптеген алаяқтар ғаламтор арқылы адамдарды өз мақсатына қолдануы мүмкін.Сонымен қатар, жасөспірім балалардың санасын улап, түрлі адам шошитын (суйцид) әрекеттерге апарғызады.

  1. Ғаламтордың менің өмірімде алатын орны

Мен өз басым ғаламторды бір тәуліктің ары кетсе он-он екі сағат бойы қолданамын. Кейбіреулер бар көзін аша салысымен «Instagram,vk»-деп ұялы телефонға жүгіреді. Ал мен ондай емеспін))). Әрине менде де бар ондай сайттар, менде кіремін. Бірақ әр нәрсе өз орнымен болғаны дұрыс дегендей менде оларды өз орнымен пайдалануға тырысамын. Бірақ кемшіліксіз адам жоқ демекші анда–санда тәртіпті бұзатыным баар))). Мен ойлаймын ондай-ондай ханның қызында да болып тұрады. Мені ғаламторда көп қызықтыратын отандық және шет елдік мәдениет пен әдебиет, яғни баса назар аударатыным әншілер мен әртістер. Олар қайда не істеп жүргендері мен үшін қызық. Оқырманы көп жұлдыздарға қарағанда, көптеген адамдарды әртістердің өмірі қызықтыратын секілді. Мен ғаламтормен тығыз қарым-қатынастамын. Себебі,мен үшін ғаламтордың маңызы ерекше. Ғаламтордың пайдасы басымырақ. Егер әр әрекетіңізді ақылға салсаңыз, ғаламтордың зиянын көрмейміз деген үміттемін.

Міне, мен ғаламторды осылай пайдаланамын

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді