Ақбөбек Оралбекова Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 1 курс студенті

03 наурыз 2017, 21:00

Мен және ғаламтор

Қазіргі таңда әлеуметтік желіні қолданбайтын, бүгінгінің жастары кемде-кем шығар? Тек жастар емес егде тартқан үлкен ата-әжелерімізде, ересек аға-әпкелеріміздің осының шырмауынан шыға алмай жүр десем артық айтқаным емес шығар. Бүгінде әлеуметтік желіге тәуелділік деген пайда болды. Айналаңызда жүрген кімге қарасаңызда, осы дүниеден көзін алмай жүреді. Бара – бара ауруға шалдықпасақ жарар еді.  Әлеуметтік желі жаһанды жаулап жатыр. Бұрмалап көп созбай-ақ қояйын, алысқа да бармай-ақ қояйын, өз өмірімде болып жатқан оқиғалармен бөлісейін. Вконтакте әлеуметтік желісін баршамыз білеміз. Оған өз басым тоғызыншы сыныбымда тіркелдім. Балалықпен аса жетік түсіне бермейсің тек достықтың санын көбейтсем болды деп ойлайтынмын. Тиімді жағын көп пайдаландым деп айта алмаймын. Өз басым дәмді тағамдарды жасағанды ұнататынмын, сол себепті тек «Дәмді тағамдар» деген топқа тіркеліп, жиі-жиі ақтарып отыратынмын.     Маған сабақ беретін ұстаздарымда вконтакте – де отыратын. Ұстаз деген шәкірті үшін былайша айтқанда «идеал» адам ғой! Оның өмірі, жеке басында болып жатқан оқиғалар оқушыға жұмбақ күйінде, қызық күйінде қалу керек деп ойлаймын. Вконтакте – ге тіркелген ұстаздарымыздың парақшасын ақтару бізге қызық болатын. Ол жайында көп ақпарат білген сайын оған деген сый-құрметтің де азаюы ғажап емес тәрізді. Бүгінде толық осы желде отырамын деп айта алмаймын. Тек ән тыңдау үшін ғана кірмесем, жиі тұтына бермеймін.

Одан кейін бүгінгінің дерті, отырсаң да, тұрсаң да, не жеп –ішетініңмен адамдарды хабардар етіп отыратын ең танымал желі «инстаграм». Жұлдыздарға, жұлдыз болғысы келетін жастарға өте тиімді. Тіпті, осы инстаграммен танымал болып, халықтың алдында жүргендері қаншама. Бір желі туралы пікір айтарда өзіммен байланыстыруға тырысамын. Себебі, оны өзімде тұтынамын. Инстаграмды да солай, тоғызыншы сыныбымнан бастап қолдандым. Тиімді жағы да жоқ емес. Өз қабілетіме қарай ұйымдастырылған түрлі байқауларға қатысып көрдім. Соның арқасында бірнешеуінен жүлде де иелендім. Осы жақында ғана ұйымдастырылған, қазіргі таңда өте танымал бизнес тренер Аманжол Рысмендиев ұйымдастырған байқауға қатысып, семенарына 30% жеңілдік ұтып алдым. Бұндай бірқатар ойындар негізі бақ шаба ма? Бап шаба маның тәсілдері ғой! Дәл осы желімен бизнес жасап отырғандары қаншама. Киім алу үшін дүкен аралап әуре болмаймыз инстаграммнан тапсырыс бере саламыз. Тамақ жеп, өзімізге керек дүниелерді алу үшінде солай. Үйде отырып барлығын жасап отырамыз. Осылай жүргенде соңы жалқаулыққа ұласпаса жарар еді.

Келесі «facebook» дейтін бүкіл әлемдік желі бар. Барлық жаңалықты содан біліп хабардар болып отырамыз! Бұрын сөздің қадірін түсінетін, шындықты шырылдатып тұрып жазып, сөздің майын тамызып сөйлетін жастардың мекені еді. Қазір жазғыштардың жиынтығына айналып барады. Ойына не келеді соны жаза салады. Сөз мен ісі сай емес бос кеуделердің ермегіне айналып барады. Негізі маған дәл осы желі ерекше ұнайтын. Себебі, ең керемет журналисттер осы желіні тұтынады және мақалаларын осы желіге салып отырады. Пайдалы кеңестер мен  өмірлік қажетті ақпараттарды тек осы желіден ғана таба аласың! Ал, дәл қазіргі сәтте көп қолдана бермеймін. Айына тек 1-2 рет пост жазып тұратын шығармын.

Негізі қазіргі заманға ғаламтор деген дүние керек сыңайлы! Нағыз интеллигентті азаматтар мен азаматшалардың дәуірінде ол оң пайдамызға шешіледі деп ойлаймын. Сөйлесетін болсақ та, алыс – шалғайда тұрып бір-бірімізбен дидарласқымыз келсе де, хат алысмасқымыз келсе де ғаламторға жүгінеміз. Ал жаңағы мен айтып отырған әлеуметтік желілер сол ғаламтордың бөлшектері.

Бүгінде бәріне қол жетімді. Боламын, жасаймын деген адамға ешқандай кедергі жоқ. Тек осылардың барлығын өз игілігімізге пайдалана алсақ болғаны.

         

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді