jasqazaq.kz

250 км/сағ жылдамдықпен жүрген: Алматыда түнгі жарысқа қатысушы ұсталды

26 наурыз, 9:14

Алматыда түнгі жарыстар мен қауіпті жүргізу деректері тоқтатылды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері, оның ішінде қауіпті жүргізу және түнгі жарыстардың көбеюі тіркелді.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жолдағы жағдайды тұрақтандыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында саптық бөлімшелер тарапынан рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Соңғы үш тәулік ішінде қала жолдарында 5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Мас күйінде көлік басқарған 43 жүргізуші ұсталып, барлығы көлік басқару құқығынан шеттетілді. Сонымен қатар, 369 азаматтың көлікті тиісті құжаттарсыз басқарғаны белгілі болды. 94 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция қызметкерлері қауіпті жүргізу, оның ішінде түнгі жарыстар деректерін анықтап, жолын кесті. Бұдан бөлек, жылдамдықты шамадан тыс арттырудың 2 мыңнан астам фактісі тіркелді.

Ведомство мәліметінше, кейбір жүргізушілер өз құқық бұзушылықтарын әдейі бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялау арқылы жазасыздық сезімін қалыптастыруға тырысады. Алайда әрбір осындай дерек бақылауда, құқық бұзушылар анықталып, заң аясында жауапкершілікке тартылады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Бүгін, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
Бүгін, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
Бүгін, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді