jasqazaq.kz

2026 жылдың алғашқы тоқсанында ел музейлерін 820 мыңнан астам адам тамашалады

10 сәуiр, 19:35

Қазақстанда музей мәдениетіне қызығушылық артып келеді. 2026 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша ел музейлерін 822 791 адам тамашалаған. Мұндай көрсеткішке музей инфрақұрылымын дамыту, экспозицияларды жаңарту және көпшілікке, әсіресе жастар мен туристерге арналған заманауи форматтарды енгізу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізілді.
Қазіргі уақытта республика бойынша 285 музей жұмыс істейді. Олардың қатарында 5 республикалық музей, 12 музей-қорық, 15 өңірлік тарихи-өлкетану, 71 мемориалдық және 16 көркемөнер музейі, сондай-ақ қалалық, аудандық және ауылдық музейлер бар.
Сонымен қатар көрме және ағартушылық бағыттағы жұмыстар да қарқын алуда. Жыл басынан бері 1219 көрме ұйымдастырылып, жаңа экспозициялар мен тақырыптық залдар ашылды, 4200-ден астам мәдени-ағартушылық іс-шара өткізілді. Олардың қатарында дәрістер, экскурсиялар, білім беру бағдарламалары мен интерактивті жобалар бар.
Ірі көрме жобаларын жүзеге асыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жұмыстары да жалғасуда. 2026 жылдың I тоқсанында республикалық және халықаралық деңгейде 28 маңызды жоба іске асырылды. Оның ішінде ел тарихы мен мәдениетінің негізгі кезеңдерін танытатын тақырыптық, мерейтойлық және көшпелі көрмелер өткізілді.


Қазақстан музейлері 26 халықаралық көрме, фестиваль және салалық форумдарға қатысып, шетелдік әріптестермен бірлескен жобаларды жүзеге асырды. Бұл халықаралық байланыстарды кеңейтіп, жаңа келісімдерге жол ашты.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар