jasqazaq.kz

Жыл басынан бері теракт туралы 50-ге жуық жалған хабарлама тіркелді

17 қараша 2023, 14:12


Биыл көлік полицейлері 50-ге жуық терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама тіркеді. Polisia.kz хабарлағандай, осы жылдың басынан бері көліктегі полиция департаментінде ҚР қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша 49 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы көліктегі ПД бастығы Бақытжан Малыбаев мәлімдеді.Оның айтуынша соңғы уақытта әуе және теміржол көлігі нысандарында әзіл-қалжыңды жалған терроризм фактілері жиілеп кетті.
Жыл басынан бері аталған қылмыстарды жасағаны үшін барлығы 21 тұлға анықталып, ұсталды. Бұл ретте “әзілқойлар” туындаған жағдайдың ауырлығын және салдарын түсінбей жатады.
Мәселен бір тәулік ішінде Астана қаласының әуежайында жолаушылар тіркеуден және тексеруден өту кезінде әуежай қызметкерлеріне бомба, граната және т.б. тыйым салынған заттардың бар екендігі туралы әзіл-қалжың түрінде хабарлаған 3 факт тіркелді.
– Жүргізілген тексеру іс-шараларының нәтижесіәнде тыйым салынған заттар табылған жоқ. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді ПД бастығы.
Сондай-ақ, ведомство басшысы терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлар көлік инфрақұрылымының қызметін тоқтатып, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің күштерін нақты қылмыстар мен оқиғалардан аударып әкететінін, сондай-ақ материалдық залал түрінде елеулі зиян келтіретінін атап өтті. Сонымен қатар жалған террористер сот шешімі бойынша оқиға орнына жұмылдырылған жедел әрекет ету қызметтерінің барлық шығындарын толық көлемде өтейді.

JQ-Aqparat

Фото: Polisia.kz

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры