jasqazaq.kz

Жоғары сот төрағасына ерекше мәртебе беріледі

13 ақпан 2023, 15:56

Жасаған қылмысы ауыр немесе аса ауыр санатқа жатпаса, Жоғарғы сот кеңесінің төрағасын Президенттің келісімінсіз тұтқындауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға немесе күштеп әкелуге рұқсат берілмейді. Бұл туралы Парламенттің қарауына енгізілген заң жобасында айтылған.
«Қылмыс орнында ұсталса, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайлардан басқа кезде, Кеңес төрағасын өз өкілеттігі мерзімі ішінде Президенттің келісімінсіз тұтқындауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас прокурордың келісімімен ғана жалғасу мүмкін. Кеңес төрағасы қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас Прокурордың келісімін алғанға дейін, бірақ 1 тәулік ішінде оны міндетті түрде хабардар ете отырып, жалғастырылуы мүмкін. Аталған адамға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері ҚР заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен жүргізілуі мүмкін», — делінген жаңа редакцияда.
Қолданыстағы заңнамада мұндай норма жоқ. Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде бұл ұсыныс Жоғарғы сот кеңесі төрағасының мәртебесін Жоғарғы сот мүшелерімен теңестіру мақсатында енгізіліп отырғаны көрсетілген.

Өзгеріске берілген түсіндірмеде: «Жоғарғы Сот мүшелерінің жартысы судья болып табылатындықтан және ешкімнің тиіспеуі кепілдігінің болуына байланысты түзетуде Жоғарғы Сот Кеңесі төрағасына осындай ешкімнің тиіспеуін бекіту ұсынылады», — делінген.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка