Солтүстік Қазақстанда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған қаскөйлер іздестіріліп жатыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиға Петропавлға жақын Пеньково ауылында болған. Жаңа жыл түні бетперде киіп, жанармай бекетіне баса-көктеп кірген екеуге кассир мен күзетші кәдімгідей қарсылық көрсетіпті.
Бекеттің есігі түнгі сағат онда жабылып, клиенттерге терезе арқылы қызмет көрсетіле бастайды екен. Қарақшылар соны жақсы білсе керек, онға бес минут қалғанда атой салып ішке кіріп келген.
Бірі күзетшіге тап берсе, екіншісі кассир келіншекпен алысыпты. Күзетші өзіне ұмтылған қаскөйді травматикалық қарумен 4 рет атып әлсіретіп, кассирге көмекке келген. Оның таяғынан қаймыққан екінші қарақшы сыбайласын алып, қашып кетіпті.
Кассир мен күзетшінің қайсарлығы арқасында мүлдем олжасыз қалған оларды қазір полицейлер іздестіріп жатыр.
Жүйкесі жұқа адамдарға көруге кеңес бермейміз!