jasqazaq.kz

Жаңаөзенде ер адам мылтықпен көше кезді

27 наурыз 2019, 16:14


Жаңаөзен қаласында көшеде мылтықпен жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке сәйкес, оқиға кеше сағат 19.50 шамасында болған. «Көктем» шағынауданында 5548-әскери бөлім жауынгерлері сержант Шынбол Ақан, қатардағы жауынгерлер Дәуренбек Сайпуллаев пен Жанболат Әбдіхайым «DAEWOO Matiz» автокөлігінің жанында өзін дөрекі ұстаған жас жігітті байқаған. Әкімшілік құқықбұзушылық жасаған ол өзін тоқтатқан жол полициясы қызметкерлеріне балағат сөздер айтып тұрған. Ұлттық ұлан жауынгерлері тәртіп сақшыларына дер кезінде көмекке барған. Бұзақылық іс-әрекетті тоқтатуды талап еткендерге құлақ аспаған жас жігіт сытылып кетпекші болғанымен, ол ойы жүзеге аспады.
Куәгерлердің қатысуымен оған тінту жүргізілген. Нәтижесінде, тегіс ұңғылы 16 калибрлі «ТОЗ» мылтығы табылып, тәркіленді. Бұзақы полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

17 мамыр, 14:03
Қазақстандық альпинист Конституцияны Гималайдағы Айленд Пик шыңына көтерді
17 мамыр, 13:00
Жастар неге үйленуге асықпайды?
15 мамыр, 12:25
Бибігүл Дандығараева: Ұлттық құрылтай – елдің даму бағдары
14 мамыр, 16:42
Маржан Арапбаева: «Бақыттырақ болу үшін, мұрнымды жасаттым» (Видео)
14 мамыр, 16:16
Түркістан: егістік сусыз қалмайды
14 мамыр, 15:14
Түркістан облысында 14 индустриалдық аймақ жұмыс істейді
14 мамыр, 15:02
Түркістан: 41 мектепке жаңғырту жұмыстары жүргізіледі
14 мамыр, 14:50
Түркістан: Жол жөндеу жұмысы қарқынды
06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды