jasqazaq.kz

Жамбыл облысында парақор әкім үш жылға сотталды

31 желтоқсан 2017, 15:28

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облыстық департаменті 2017 жылды қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметтеріне қарағанда, өңірде жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа байланысты 155 қылмыс тіркеліп, берілген параның жалпы сомасы 1,5 млн теңгеге жеткен. Оның үштен екісі ауыр қылмыстар болған. Атап айтқанда, Меркі ауылдық округінің әкімі Е. Қосуақов сол ауылдың тұрғынынан 150 мың теңге пара талап етіп, қылмыс үстінде ұсталған. Оған қылмыстық жолмен табылған мүлкін тәркілеп, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иеленуіне тыйым салу және үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Қаратауда «Өңірлерді дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған үйдің комиссия актісіне қол қою үшін 1 млн теңге талап еткен сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы ұсталды, қылмыстық іс сот қарауында тұр. Департаменттегілер «1424» нөміріне қоңырау шалып, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабар берген азаматтарға ақшалай сыйақы берілетінін, ал құпиялылық толық сақталатынын айтады. «2017 жылғы 10 айда Жамбыл облысында 20 азамат ынталандырылды. Сыйақы көлемі 50-ден 70 АЕК-ке дейін жетеді. Ынталандыру қаражаттарының жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асты», — дейді Жамбыл облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Дидара Мәдімарова.

 

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды