«Алматы Аренада» өткен кәсіпқой бокс кешінің пердесі Жақсылық Қырғызәлі мен мажарстандық Френк Хафнер жекпе-жегімен ашылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА. Орта салмақ өкілдерінің айқасы басталмай жатып бітіп қалды.
Бірінші раундта Жақсылық қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Содан кейін Хафнер жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Техникалық нокаут қазақстандық боксшының есебіне жазылды. Бұл Қырғызәлінің карьерасындағы төртінші жеңіс болды (екі рет жеңілген). Осымен 39 жекпе-жегін өткізген Френк Хафнер 14-ші рет жеңіліске ұшырады. Айта кетелік, бұлардың айқасы Шарипова-Гонтарюк титулдық жекпе-жегінің андеркартында өткізілді.