jasqazaq.kz

Заңсыз такси жүргізушілері көлігінен айырылуы мүмкін

21 қантар 2019, 11:08

Алматыда заңсыз адам тасымалдайтын такси жүргізушілері салық төлемегені үшін көлігінен айырылып қалуы мүмкін. Қазір құқық қорғау органдары алматылық таксишілердің салықтық органдарда тіркелуін тексеріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының хабарлауынша, жергілікті полиция қызметі 1 күн ішінде салық органдарында тіркелмей, жолаушы тасып жүрген 17 жүргізушіні тапты. Барлық жүргізушілерге 10 күн ішінде өз еркімен жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге отыруға рұқсат берілді. Бұлай болмаған жағдайда іс материалдары сотқа жіберіліп, жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. ҚР ӘқбК 463-бабына сәйкес салықтық органда тіркелмей, жеке кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғаларға 14 АЕК (37 875 теңге) айыппұл салынып, мүлкі тәркіленуі мүмкін. Салық органдарына тіркелу үшін азаматтар жеке куәлігімен ХҚКО-ға баруы керек. Жеке кәсіпкерлер тапқан табысын 1 пайызын ғана салыққа төлейді.

Бүгін, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
Бүгін, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
Бүгін, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
Бүгін, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
Бүгін, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
Бүгін, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды