jasqazaq.kz

«Zakova» клубы жабылатын болды

03 қантар 2018, 8:26

Айжан Байзақова Zakova клубының жабылатыны туралы мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл жайында ол Instagram желісі арқылы тікелей эфирден хабарлады. «Бізден жабылуымызды сұрап отыр, бар жағдайды түсініп отырған боларсыздар. Бірақ біз қол қусырып қалмаймыз. (…) Иә, бар жаблды. Бізде көңіл көтеріп, демалған, соның барлығын видеоға түсіріп, Желіге таратқан жігіттердің арқасында. Оларды егеуқұйрық сатқындар дегеннен өзге сөз табылмады. Ол жерде көңіл көтермеген адам болса, түсінуге болатын еді», — дейді Байзақова. «Zakova» клубы @zakova.bar жабылатынын хабарлаймын. Кімнің кесірінен екенін түсініп отырсыздар… Бізде ішіп, көңіл көтеріп, шегіп жүрген сатқындардың. Телефондарына түсіріп, Желіге таратқандардың арқасында. Мақсаттарыңызға жеттіңіздер, құттықтаймын! Онда барлық клуб пен барды жабыңыздар, өйткені барлығыңыз пәксіздер ғой! Кеше қоштасу кеші өтті. Сағынатын боламын #zakovabar», — делінген Байзақованың Telegram арнасында. Ал клуб өкілдері тек демалыс күндеріне байланысты істемей тұрғандарын және әзірге толық жабылу туралы ештеңе белгісіз екенін мәлімдеді. Еске салайық, 26 желтоқсанда полицейлердің 22 жастағы қыздың ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартқаны хабарланған еді. Айта кетейік, таяуда қаладағы клубтардың бірінде қыздардың тыржалаңаш шешінген видеосы жарияланған еді. «Алмалы аудандық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша іс материалдарын жинап, 1995 жылғы А.С.Байзақоваға қатысты қоғамдық жерде қоғамға қарсы конкурстар ұйымдастырып, былапыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартты. Байзақованың кінәсі толығымен дәлелденді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот үкіміне сәйкес ол үш күнге қамауға алынды», — деген еді Алматы ІІД өкілдері. Айжан Байзақова бостандыққа шыққанан кейін 31 желтоқсанда тікелей эфирге шығып «айтарым бар» деп мәлімдеген.

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды