jasqazaq.kz

Қызыл шаян қайда кетті?

18 қыркүйек 2016, 15:48

Оңтүстік Қазақстан облысындағы су айдындарында тіршілік ететін қызыл шаяндар аяқ астынан ізім-қайым жоғалып кетті. Тіпті, жәндіктердің өлі денесі де кездеспеген. Осы жайтқа алаңдаған қорықшылар арнайы сараптама тағайындатқан болатын, деп хабарлайды Хабар 24.kz.

Зерттеу жүргізген мамандар шаяндардың қатерлі дертке шалдыққанын анықтады. Індет Орталық Азия аумағын қамтыған. Дегенмен қауіпті кеселдің суда тіршілік ететін өзге жәндіктер мен балықтарға зияны тиген жоқ дейді ғалымдар.

Қызыл шаяндар «Бөген» су қоймасында қырылған. Қорықшылар қанша іздегенімен, жәндіктердің өлі денесін де таба алмапты. «Ізім-қайым жоқ», — дейді.

Амангелді Абдіраманов, ОҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

— Жоғарғы деңгейде «Бөген» өзені құяды ғой, сол жоғарғы жағынан шаян көргем. Шаян көп болғаннан кейін бұған лимит бергенбіз. 500-600 келіге дейін аулап ұстап өткізген. Кейін біреуі зымыран ұшты дейді, біреуі індет дейді. Білмеймін, әйтеуір жоқ болып кетті.

Су қоймасы ертеректе үш ауданның егістік жерін ағын сумен қамтамасыз ету үшін салынған. Содан бері бұл жер шаяндардың сүйікті мекеніне айналған. Өйткені су айдыны жәндіктердің тіршілік етуіне қолайлы. Сарқыраған ағысы жоқ, жылы су. Бір кездері осылайша өзенге сыймай жататын қызыл шаяндар оба ауруына шалдығып, кеселден қырылған болып шықты.

Оны Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты «Арал» бөлімінің мамандары анықтады. Ғалымдар қауіпті індеттің Орталық Азия аумағын түгел қамтығанын айтады. Бірақ кеселді дер кезінде анықтайтын бізде жергілікті зертхана мен маман жоқ екен.

Асылбек Мейірманов, ОҚО Жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы балық шаруашылығы бөлімінің басшысы

— Ихтиолог мамандар дәл қазір жоқ. Бізде Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысында балықтарды зерттейтін биологиялық зертхана жоқ. Кейде тоқпен ауланған балықтарды дәлелдеу үшін және де басқа биологиялық дәлелдеме үшін де Алматы қаласына жіберіп отырамыз.

Су қоймасында шаяндар жоғалғалы бері балықтар көбейе бастапты.

Бекнұр Жұмабаев, Балық шаруашылығы басшысының орынбасары:

— Шаяндардың көп кезінде балықтар аз болған. Енді шаяндар 2 жыл көлемінде жоғалып кеткеннен кейін қазір майда шабақтар көбейіп жатыр. Шаян жыртқыш болғаннан кейін шабақтарды жейді екен. Ауға түсіп жатқан жоқ. Қаладан да әуесқойлар келеді шаян аулауға, оларға да түсіп жатқан жоқ.

Шаяндар Бәйдібек ауданындағы «Қапшағай» су қоймасында да жаппай қырылыпты. Мамандар ол жерде де жәндіктердің қалмағанын айтады. Бірақ бұл індеттің судағы басқа тіршілік иелеріне еш зияны тимеген. Тәжірибелі балықшылардың айтуына қарағанда, мына сияқты тұтылған ауға түскен балықты жеймін деп бір кездері шаяндар көптеп түседі екен.

Ал қазір бірнеше метр ауды тексеріп шықтық, тіпті, өлген шаян да көрінбейді. Табиғат қорықшылары болашақта шаяндарды өзге көлдерден аулап алып келіп, көбейту жағын қарастырып жатыр екен.

baq.kz

09 маусым, 16:12
Түркістан: Елді мекендерді газбен, ауыз сумен және электр қуатымен қамту жалғасып жатыр
09 маусым, 12:50
Түркістан: Нұралхан Көшеров бастаған делегация Қытайға барып, инвесторларымен кездесті
09 маусым, 12:42
Түркістан: Хэйлунцзян провинциясымен іскерлік-экономикалық байланыс меморандумына қол қойылды
05 маусым, 13:24
Түркістан: Бу-газ қондырғысының құрылысы талқыланды
05 маусым, 13:12
Түркістан: Созақта абаттандыру жұмыстары қарқынды
05 маусым, 12:35
Самат Талғатұлы: Түркістандағы ауыл тұрғындарына оңалту қызметтері қолжетімді бола түсті
05 маусым, 12:26
Түркістанда мүгедектіктің алдын алу мен оңалту қызметтері қандай деңгейде?
04 маусым, 12:21
Түркістанда тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт салынуы мүмкін
03 маусым, 15:16
Сауран ауданында 280 мың басқа арналған құс фермасы іске қосылады