Желіде әнші Жанар Айжанованың үнді әніне билеген видеосы тарап кетті. Әйгілі “Джими” әніне мың бұрала билеген әнші видеода аяқ киімін шешіп тастаған, деп жазады Stan.kz.
Аталған видеоға қатысты желі оқырмандарының пікірі қақ бөлінді. Олардың бір тобы Айжанованың биіне тамсана қарағандарын жеткізсе, екіншілері ерсі көрінетінін айтып, сынап тастады.
“Ұят”, “ерсі көрінеді”, – деп шағымданды олар.