jasqazaq.kz

Түрмеде өлді деп саналған тұтқын мәйітханада көзін ашты

09 қантар 2018, 12:22

Испания түрмесінде дәрігерлер өлді деп санаған тұтқын аурухана мәйітханасында көзін ашты, деп хабарлайды ВВС.

Гонсало Монтойя Хименес Испанияның солтүстігіндегі Астурия провинциясында жазасын өтеп жатқан. Түрмеде істейтін үш дәрігер тұтқынды тексеріп, оның қайтыс болғанын мәлімдеген. Содан кейін өлім себебін анықтау үшін мәйітті Овьедо қаласындағы сот медицинасы институтының мәйітханасына жеткізуді бұйырған.

Мәйітті союға бірнеше сағат қалғанда ер адам есін жиды.
Отбасы мүшелерінің айтуынша, Хименестің денесінде аутопсия (мәйітті сою) алдында жағылатын белгілер болған. «Сот-медициналық сарапшылар мәйітті союға дайындады», — дейді туысқандары.

Қазір ол дәрігерлердің бақылауымен Овьедо қаласында интенсивті терапия бөлімінде жатыр.

Болжам бойынша Хименесте каталепсия ауруы (дененің жансыздануы) болған. Каталепсия кезінде өмірлік маңызды функциялар баяулап, кейде адам өлі сияқты көрінеді.

Бірақ әзірге диагноз ресми түрде расталмады.

sputniknews.kz

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды