jasqazaq.kz

Төреғалидың жерлесі: Шиеліге келсең жұмыртқа лақтырамыз

09 қантар 2018, 11:25

Төреғали Төреәлінің Павлодар сахнасындағы әрекетіне күйінген жерлесі әншіге ескерту жасады. Ол видеоүндеуінде Төреғали Шиеліге келетін болса, оған жұмыртқа лақтырып, қорлап жіберетіндерін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған видео YouTube желісінде жарияланды.

«Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тұрғынымын. Төреғали сенің жерлесіңмін, саған айтатын бір жәйітім бар: «Төреғали бауырым, ондай сөзді айтудың қажеті жоқ еді. Кешегі концертіңізде үлкен кісіге олай айқайлаудың қажеті жоқ. «Еріккен…» деген тіркестің өзін мен ары қарай аяқтай алмаймын. Сен де тәрбие көрген, оңтүстік өңір Қызылорданың баласысың. Оңтүстіктің балалары қалай үлкенді сыйлайтынын білесің. Ондай әңгіме айтпай-ақ қой, бауырым.

Егер ондай әңгіме айтып, Шиелі ауданына келетін болсаң біз сені дұрыс қарсы алмаймыз, сенің концертің былай тұрсын, кезіндегі депутатқа жұмыртқа лақтырғандай лақтырып, қорлап жібереміз. Ол-ақиқат»,- деп ашынды Төреғалиға видео сәлемдеме жолдаған жігіт.

Еске салсақ, Төреғали Төреәлі Павлодарда өткен ән кешінде өзіне қатаң ескерту жасаған қарияны залдан қуып шыққан. Осы оқиғадан кейін халық әншіге жаппай наразылық көрсетіп, Төреғали тікелей эфирде қазақстандықтардан кешірім сұраған болатын.

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды