jasqazaq.kz

Терроризмді насихаттаған жəне діни алауыздықты қоздырған екі адам ұсталды

06 қантар 2018, 15:25

Терроризмді насихаттағаны жəне діни алауыздықты қоздырғаны үшін Ақмола облысының екі тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазіргі кезде, тергеу шаралары аяқталып, іс сотқа жолданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша, 2017 жылдың қыркүйек айында Көкшетау қаласында ІІД Лаңкестікке қарсы күрес басқармасының қызметкерлері діни алауыздықты қоздырумен айналысты деген күдікпен 33 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу амалдары кезінде анықталғандай, ер адам ұзақ уақыт намазға жығылған. Кейін көптеген əдеби көздердің ықпалымен исламның дəсүрлі емес ағынын ұстана бастайды. Сондай-ақ өзінің діни білімін жетілдіру мақсатында ер адам түрлі діни кітаптар мен ақпарат сайттарын оқып, үйінде діни тақырыптағы кітаптарды басады жəне үйінде ұстайды. Үйін тінту кезінде полицейлер «Салих бин Фаузан аль-Фаузан шейхтің үш негізіне пікір», «Исламның парызы жəне наным-сенімдері» кітабының көшірмесі мен өзге де діни кітаптарды тапты. Соттық-дінтану сараптамасының қорытындысы бойынша, күдіктінің үйінен тәркіленген кітаптарда діни алауыздықты қоздыру белгілері бары анықталды. Осыған байланысты күдіктінің үстінен ҚР ҚК 174 бабының 1 бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізілді. Қазіргі кезде қылмыстық іс сотқа жолданды. Аталған бап бойынша күдіктінің қылмысы дəленденсе, онда ол 2 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ал, Степногор қаласында 16 жыл психиатр дәрігердің есебінде тұрған 26 жастағы жергілікті тұрғын терроризмді насихаттау жəне террористік акті жасауға ашықтан-ашық шақырғаны үшін айыпталып отыр. Күдікті 2014 жылдан бастап, «ат-Такфир — уа-ль-хиджра» діни ұйымның идеологиясын тереңдетіп оқыған. Бұл сот шешімі бойынша лаңкестік деп танылып, ҚР аумағында насихаттауға рұқсат етілмеген болып саналады. Теріс бағыттағы діни кітаптар оқумен айналысқан қыз танымал əлеуметтік желілер арқылы лақап атпен террористік əрекеттер мен террористік акті жасауға шақыратын материалдар таратқан. Оның бұл əрекеті ҚР ҚК 256 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс ретінде қаралып отыр. Қазіргі кезде, күдікті қыз жүйке-жүйесі дертімен ауыратындарды емдеу мекемесінде курстан өтуде. Ал, оның үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты тергеу амалдары аяқталып, іс материалдары сотқа медициналық сипаттағы шараны мəжбүрлеп қолдану үшін жолданды.

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды