jasqazaq.kz

Танымал актер Дархан Дайырбек өмірден озды

08 шiлде 2020, 10:53

Қазақстанның мәдениет қайраткері, танымал актер Дархан Дайырбек 52 жасында өмірден озды. Бұл туралы режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай Facebook-парақшасында жазды.

«Бүгін түнде танымал актер Дархан Дайырбек өмірден озды. Біздің студия барлық туған-тыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Дархан аға барлық уақытта өте көңілді жүретін, қайырымды еді. Біз оның дәл сондай жарқын бейнесін есте сақтап қаламыз. Дәке, рөлдеріңіз үшін, жұмысқа, адамдарға деген қарым-қатынасыңыз үшін рахмет. Иманды болыңыз!»,- деп жазды Нұртас Адамбай.

1968 жылы Алматы қаласында дүниеге келген Дархан Дайырбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Академияны аяқтағаннан кейін Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеген.

«Терісқақпай» театрының әртісі ретінде де көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. Ол кино актер ретінде «Әкім», «Құдалар», «Тамада ісі», «Қазақша тонау» фильмдеріне, «Бастық боламын», «Бақытсыздар бағы», «Елдің баласы», «Күй-ғұмыр» сериалдарына түскен.

ҚазАқпарат

05 маусым, 13:24
Түркістан: Бу-газ қондырғысының құрылысы талқыланды
05 маусым, 13:12
Түркістан: Созақта абаттандыру жұмыстары қарқынды
05 маусым, 12:35
Самат Талғатұлы: Түркістандағы ауыл тұрғындарына оңалту қызметтері қолжетімді бола түсті
05 маусым, 12:26
Түркістанда мүгедектіктің алдын алу мен оңалту қызметтері қандай деңгейде?
04 маусым, 12:21
Түркістанда тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт салынуы мүмкін
03 маусым, 15:16
Сауран ауданында 280 мың басқа арналған құс фермасы іске қосылады
03 маусым, 14:48
Түркістан: Қазығұрт ауданындағы индустриалдық аймақта 8 жоба жүзеге асып жатыр
03 маусым, 12:49
Түркістан: Мақтаралда қоғамдық көліктер жаңартылды
03 маусым, 12:47
Түркістан: Мың шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр