Талғат Жанысбай: Қоғамдық кеңесте маңызды мәселелер қаралады

07 қыркүйек 2023, 11:56

Алматы қаласының дамуына, түйткілді мәселелердің шешілуіне Қоғамдық кеңестің қосатын үлесі салмақты. Алайда Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы көпшілік біле бермейді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Талғат Жанысбайға хабарласып, кеңес жұмысы туралы сұрап-білдік.

— Алматыдағы Қоғамдық кеңеске жүктелген міндет қандай?

— Алматы еліміздегі ең тұрғыны көп мегаполис болғандықтан, Қоғамдық кеңестің көтеретін жүгі де үлкен. 36 мүшесі бар Қоғамдық кеңес білім, мәдениет, құрылыс, экология, спорт, жастар мәселесі деп бес комитетке бөлініп, әр бағыт бойынша жұмыс істейді.

— Қоғамдық кеңес биыл қандай жұмыстар атқарды?

— Қоғамдық кеңес тұрғындардың сенімін ақтап, қандай да бір мәселенің шешімін табуға тырысады. Қоғамдық кеңес туралы заңда көрсетілгендей, кез келген мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің жұмысын тексеріп, бақылай аламыз. Әрбір мемлекеттік мекемеге мониторинг жасалып, қала әкімдігінің 14 басқармасы атқарған жұмыстардың есептері тыңдалады. Мысалы, бюжет бекітілгенде, жобалар жасалғанда өз арамызда түрлі пікірталас болып тұрады. Биылғы жартыжылдықта жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың (АҚ, ЖШС, ЖК) 195 өтініші қаралды. Оның 160-на жауап берілді, көп мәселе шешімін тапты. Қалған өтініштер мемлекеттік органдар қарауында.

Сәуірде ҚК комиссиясы дайындаған «Алматы агломерациясының қоғамдық көлік инфрақұрылымының жай-күйі мен даму перспективасы» тақырыбында қоғамдық тыңдаулар өтті. Қаладағы тиісті басқармаларға, әкімдікке және департаменттерге ұсынымдар әзірленіп, жолданды. мамырда Премьер-Министрдің кеңесшісі, Алматы әкімінің орынбасары, жетім және мүмкіндігі шектеулі балалардың, көп балалы отбасылардың балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қаланың бейінді басқармалары басшылығының қатысуымен ҚК кеңейтілген отырысы өтті. Жұмысқа балаларды кеңінен қамту, аталған санаттар және олардың демалу сапасын жақсарту шаралары бойынша ұсыныстар қабылданды. Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларға «Алматыда инклюзивті орта құру» бөлімі бойынша 300 млн теңгеден астам сомаға кезеңдік шаралар мен жауапты тұлғаларды нақты айқындай отырып, кедергісіз орта құру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуге арналған бюджетті енгізу туралы шешім қабылданды.

— Қоғамдық кеңес білім бағытында қандай түйткілдерді шешуге атсалысты?

— ҚК білім комитеті мектепке дейінгі мекемелердегі негізгі түйткілдерді, көрсетілетін қызмет сапасын және мүғалімдердің біліктілігіне сәйкестігін анықтау үшін мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне мониторинг жүргізді. Мониторинг қорытындысы бойынша ұсынымдар дайындалып, оқу-ағарту министрлігіне және ведомстволық басқармаларға жіберілді.
Қаламыздағы мектеп асханаларына жүргізілген мониторингтен кейін ҚК мүшелері мен тәуелсіз сарапшылар қала басшылығымен жазғы кезеңде мектеп жанындағы лагерьлерде барлық санаттағы оқушыларға тегін түскі ас беру туралы шешім қабылданды.

— Қоғамдық кеңес жұмыстарыңызға баға беріп, таразыға тартып отырасыздар ма?

— Өз жұмысында қоғамдық бақылау нысандарын – қоғамдық мониторингті, қоғамдық тыңдаулар мен сараптаманы пайдалана отырып, ҚК комиссиялары биылғы жарты жылда бейінді басқармалардан, мәслихаттан және қала әкімдіктерінен келіп түскен 37 ұсынымды қарады.

ҚК сынынан кейін қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 179 млн 776 мың теңгеге әлеуметтік интеграция жобасын имплементациялауды тоқтатты.

ҚК мүшелері атқарушы органдар қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілерге жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша, өз ұсынымдарын қала тұрғындарының негізгі бөлігінің мүддесіне қайшы келмеуін қадағалап, қалалық қызметтердің қалауы мен қалың жұртшылықтың сұранысы арасында консенсус тапқанын ескере отырып дайындады. Мәселен, өткен кезеңде қоғамдық мониторингпен ең өзекті мәселелер қамтылды. Олар — көше-жол желісін дамыту, қоғамдық көліктің жұмысы, тұрғын үй құрылысы, медициналық қызмет көрсету, балалар мен жасөспірімдер үшін спорт секцияларының қолжетімділігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы реформалар, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қала инфрақұрылымының қолжетімділігі.

Мақпал Ноғайбаева

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді