Оңтүстік Қазақстан облыстық азаматтық істері бойынша сот азамат Ш.М.-ның Тоқтар Төлешовтің үстінен жазған арызын қарады. Арызданушы Төлешов пен “Шымкент сыра зауытынан” 70 миллион теңге көлеміндегі қарызды өндіріп алу туралы шағым түсірген еді.
Бұл туралы TVK арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.
28.12.2017 жылғы сот инстациясының шешімі бойынша, бұған дейін Шымкент қалалық Еңбекшіқазақ аудандық соты шығарған үкім күшін жойды. Сондай-ақ, сот коллегиясы арызды қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
«Азамат М.Ш.-ның 70 миллион теңгені өндіріп алу бойынша Тоқтар Жүсіпүлы Төлешов пен “Шымкент сыра зауытына” қарсы жазған шағымы қанағаттандырылмайды”, – деп хабарланды соттан.
Сот шешімінің жойылуына себеп – “Шымкент сыра” зауытынан түскен шағымның мерзімі өтіп кетті, алғашқы сот инстанциясы оны негізсіз деп тапқан болатын.
Сондай-ақ, сот коллегиясы жүргізген сараптама қарыз келісім-шартынан Тоқтар Төлешовтің қолын таба алмады.