jasqazaq.kz

Сот кезінде өзін жаралады

23 ақпан 2017, 15:29

Сотталушы Шахраман Алибаев сот залында белгісіз өткір затпен өзін-өзі жаралады. Осындай адам сенгісіз оқиғаны Қостанай облыстық қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі растады. Тұтқында болған Алибаевтың мойнын кесіп кеткен заттың қайдан пайда болғаны әзірге белгісіз. Оның жарақаты жеткілікті дәрежеде ауыр болып сипатталуда.

ҚазАқпарат хабарлағандай, Алибаев сот залынан ауруханаға жеткізілді. «ҚазАқпарат» тілшісінің дерегі бойынша, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қостанайда 8 жыл бойы әрекет еткен қара риэлторларға байланысты атышулы іске құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ нотариустардың қатысы бар. Бұл іс өткен жылдан бері сотта қаралуда. Отырыс барысында Алибаев мәлімдегендей, ұйымдасқан қылмыстық топтың негізгі көшбасшылары қазіргі таңда бостандықта жүр және құқық қорғау органдарында жауапты қызметтерді атқаруда.

 

Бүгін, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
Бүгін, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
Бүгін, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
Бүгін, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
Бүгін, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
Бүгін, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды