jasqazaq.kz

Солтүстік Қазақстанда жолаушылары бар автобус жол апатына ұшырады (видео)

07 қантар 2018, 14:12

Солтүстік Қазақстанда жолаушылар автобусы жол апатына түсті. Жолаушылар зардап шеккен жоқ, алайда жеңіл автокөліктің жүргізушісі қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Автобустың жолаушылары әлеуметтік желіде жол апатының салдарын видеоға түсіріп, таратты. Видеодан жеңіл көліктің жанып жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары көліктің мыжылып қалғаны сондай, салоннан жүргізушіні алып шығудың өзі мүмкін емес екенін жазды. Автобус жыраға қарай өтіп кетті, ол «Тахтаброд -Петропавл» бағытында жүріп бара жатқан. СҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Жезқазған-Петропавл тасжолында, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданынның Нежинка ауылы маңында, сағат 09.30-да болған. «ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шыққан, сөйтіп автобуспен соқтығысты. Жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Жол апатының салдарынан көлік отқа оранып, жанып кетті», — деді баспасөз қызметіндегілер. Автобуста қанша жолаушының болғаны әзірше белгісіз, алайда СҚО ІІД баспасөз қызметі жолаушылардың да, жүргізушінің де зардап шекпегенін хабарлады. Қазір жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Авария на трассе Рузаевка-Новоишимка сегодня в 10 часов Видео @proshivka_smartfonov #Казахстан #УстьКаменогорск #Семей #Кызылорда #Жезказган #Костанай #Темиртау #Кокшетау #Петропавловск #Караганда #Тараз #Уральск #Талдыкорган #Павлодар #Шымкент #Актау #Актобе #Актобе #Астана #Aлматы #прикол ****************************************************** Отдел натуральной косметики — @ecobeautykz Тел. +7 771 380 6902 ******************************************************* ДОСКА ОБЪЯВЛЕНИЙ — @sko_obyavlenia * ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН — @petro_sk * ТАРАНТАС СК))) — @tarantas_sk * САЛОН КРАСОТЫ — @sko_salon *******************************************************

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК | КАЗАХСТАН (@skopetro)

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды