Шымкентте 2025 жылға дейін 250-ден астам мәдениет нысаны салынады

20 маусым 2023, 16:09

Президент өз Жолдауында – мәдениет саласында қызмет атқарған азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлінбей келгендігін өте орынды қозғады. Кітапхана, музей, театрға қатысты өзекті мәселелер шаш етектен екені қаншама рет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көтерілсе де, нақты істер кейінге ысырылып отырды. Жолдауда Мемлекет басшысы бұған арнайы тоқталып, шұғыл шараларды қолға алуды тапсырды.

Мәдениет пен өнер – ұлттың рухы десек, онда атқарылған тірліктер руханияттың дамуына қосқан үлес деп айтар едік. Шымкент қаласының мәдениеті мен мәдени іс-шаралар ұйымдастыруда Мемлекет басшысының бастамалары аясында қолға алынған. Мәселен, 2025 жылға дейін шгаһарда 259 мәдениет обьектісін салу жоспарланыпты. Бұл туралы Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Сейітханұлы брифинг барысында мәлімдеді.

Қазіргі таңда Шымсити аумағында заманауи үлгіде, халықаралық стандартқа сай «Конгресс-холл» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Конгресс холл – халықаралық конференциялар, фестивальдер, концерттік бағдарламалар мен іс-шаралар өткізілетін көпфункционалды орталық болады. Құрылыс нысанынның жалпы жер көлемі 5,240 га, ғимараттың құрылыс ауданы – 17965 шаршы метрді құрайды. Ғимарат 3 қабаттан, 5 блоктан тұрады. 2066 орынға арналған көрермен залы, 190 орындық конференц залы, 60 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс-онференция өткізетін зал, асхана, көлікке жер асты тұрағы қарастырылған. Аталған жобаны іске асыру мақсатында Шымкент қаласының 2023 жылға дейінгі кешендік даму жоспарына енгізіліп, республикалық және жергіліктен бюджеттен қаржыландырылған.

Шымкентте соңғы бес айда өткізілген мәдени іс- шараларға миллионнан астам көрермен қатысқан. Басқарма басшысы мәдениет саласы бойынша өзекті сұрақтарға жауап беріп, бес айда атқарылған іс-шаралар жөнінде айтып өтті.

–«Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымында 2023 жылдың 5 айында жалпы 64 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 188 мың 375 көрермен қамтылды. Кәсіби 6 театрда 598 репертуарлық қойылым қойылып, 101 мың 946 көрерменге артты.«Шымкент цирк» мекемесінде 28 қойылым өткізіліп, 15 мың 951 көрермен қатысты. Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында 74 экскурсия жүргізілді. Shymqala этноауылында 4 іс-шара ұйымдастырылып, оны 2 мың 102 көрермен тамашалаған. Көрме орталығында 36 мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ 6 кітапханада танымдық, тақырыптық, әдеби 761 іс-шара өткізілді,–деді С.Шәкеев.

Айта кетейік, Шымкентте мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 21 мекеме бар. Олар кітапхана, мәдениет үйі, театр, цирк, музей, архив, зоологиялық саябақ. Мекемелерде 2000-ға жуық қызметкер қызмет етеді.

Мерей Әлімбек

24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң
10 сәуiр, 14:02
"Қазпошта" алаяқтардың асына айналған ба?
07 сәуiр, 14:29
Көктемде психикалық аурулар неге асқынады?
01 сәуiр, 19:13
Саудада достық жоқ
31 наурыз, 16:10
Мақта кластері: Шикізаттан –дайын өнімге
31 наурыз, 15:45
Астана – даму драйвері
30 наурыз, 12:48
Мұхит Тұрысбеков: Ауыз су мәселесін толық шешу – басты міндеттің бірі