jasqazaq.kz

Шымкент: Халықаралық театр фестивалі ашылды

07 қараша 2024, 14:06

Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Орталық Азия елдері театрларының IX Халықаралық театр фестивалі басталды. Өнер мерекесіне елімізбен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Татарстан, Әзірбайжанның театр ұжымдары қатысты.

Салтанатты шараның алдында еліміздің танымал тұлғалары мен алыс-жақын шет елдерден келген сарапшылар құрамы журналистермен жүздесіп, сұхбат берді.

Салтанатты жиын Ж. Шанин театрының 95 жылдығына арнайы дайындалған бейнефильммен бастау алды. Фестивальдің ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысты. Шаһар басшысы өз сөзінде: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мәдениет пен өнер — адам өміріндегі ең маңызды сала. Өнер — ұлттың жаны, ал мәдениет — рухани келбеті. Бұл қос құндылықты өркенниетіміздің өзегі деуге болады. Оны сақтап байыта түсу ортақ парыз» деген болатын. 95 жылдық тарихында түрлі оқиғаларды бастан өткерген театр бүгінде мәдениет саласының рухани ордасына айналып отыр. Осынау жылдар ішінде тарихты сахналап, өнерді өрге сүйреп келе жатқан театрдың отандың өнерге қосқан үлесі қомақты деп білемін», — деді.

Ж.Шанин театры әрқашан өз көрерменін жоғары сапалы қойылымдармен қуантты, классикалық және заманауи қазақ драматургиясының жауһарларын сахналап, ұлттық құндылықтарды дәріптеп келеді. Театр сахнасында көрнекті режиссерлер мен актерлердің есімі танылып, талай жаңа таланттар ашылды. Бұл театрдың қазақ өнері мен мәдениетін дамытудағы рөлі орасан зор.

Драматург Сая Қасымбек: «Театрдың ашылуы кездейсоқ емес. Алаш қайраткері, драматург және публицист Жүсіпбек Аймауытов Шымкентте драма үйірмесін ашып, кәсіби театр мамандарын оқытып, қазақ ұлттық театрының қалыптасуына елеулі үлес қосқан. Осы театрда Хадиша Бөкеева, Әмина Өмірзақова сияқты ұлы тұлғалар өнер көрсетті», — деп атап өтті.

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының сахнасында жүздеген спектакльдер қойылған. Мұнда тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал көптеген көрнекті актерлер мен режиссерлер өз мансабын бастады. Биыл труппаны 18 жас актер толықтырды. Шығармашылық ұжымда барлығы 88 адам, оның 55-і актер.

Шымшаһардағы өнер мерекесі – шығармашылықтың, мәдениеттің және ұлттық дәстүріміздің жарқын көрінісі. Өнер саласында қажырлы еңбек еткен театр майталмандары мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шымкент қаласының әкімінің алғыс хаттары және құрмет грамоталарымен марапатталды.
Өнер фестиваліне алыс-жақын бауырлас елдерден Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің және еліміздің айтулы театрлары қатысып, барлығы 10 театр өз өнерін көрсетеді. Сонымен қатар, фестиваль аясында театр мамандарының шығармашылық әлеуеті мен кәсіби деңгейін жақсарту мақсатында «Шеберлік сабақтары» өткізеді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Жұмат Шанин атындағы театрдың баспасөз қызметі

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті