jasqazaq.kz

Шардарада екі балықшы суға батып кетті

29 желтоқсан 2017, 14:59

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасында екі балықшы суға батып, ажал құшты. Екі күн бұрын балық аулауға кеткендердің қайықтарын жергілікті тұрғындар тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 32 және 22 жастағы екі балықшының жоғалғаны туралы хабар кезекші бөлімге 27 желтоқсан күні күндізгі сағат 16:58-де жеткен. Олар балық аулауға шыққан моторлы қайық сол күні табылған. Оқиға орнына жеткен сүңгуірлер суға батқандар болған аумақты 6-7 метрлік тереңдікте түгел сүзіп шықты. Құтқарушыларға балықшылардың туыстары мен аудандық ішкі істер қызметкерлері де қолғабыс етті. Алайда ол күні іздеу жұмыстарынан нәтиже шықпаған. Ал, келесі күні күндізгі 12.40-тар шамасында жағадан 7 шақырым қашықтықта балықшылардың бірінің мәйіті судан шығарып алынды. Екінші балықшының денесі балық аулаған жерінен 50 метр тұстан табылды.

 

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды