Өзбекстан елінің танымал әншісі Шахзода қазақ әнін өз репертуарына қосты. Ол Жаңабай Өтегеновтің “Аяла” әнін қазақ тілінде шырқап шықты, деп хабарлайды Stan.kz.
“Аяла” деген сөзді қыз баланың айтқаны жөн! Ал Шахзода қазақша әнді шебер жеткізді! Өзбекстандық әншінің жаңа туындысына отандастарымыздың берген бағасы осындай болды. Ендеше сіз де тыңдап, бағасын бере отырыңыз!
Айта кетейік, Шахзоданы қазақ елі сүйіп тыңдайды. Ол алғаш рет қазақ көрерменімен 2000 жылдардың басында “Фатима және Зухра” фильмі арқылы танылған болатын. Содан бері көршілес елдің әншісі қазақстандық тыңдармандардың жүрегінен ойып тұрып орнын тапқан.