jasqazaq.kz

Сенат төрағасы: Отбасындағы зорлық-зомбылықты тек заңнаманы өзгертумен шешуге болмайды

10 қараша 2023, 15:01

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізде отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселесіне қатысты пікір айтты.
«Кейінгі жылдары осындай қылмыстарға жол бермеу бағытында заңнаманы өзгерткенбіз. Қылмыстық кодекстің де баптарын өзгертіп, мұндай әрекеттерге жауапкершілікті күшейттік. Отбасыларда осындай жағдайлардың алдын алу үшін бірнеше мәселеге көңіл бөлу керек. Заңнаманы ары қарай күшейту керек болса, біз оған дайынбыз. Бірақ бұл мәселені тек заңнаманы өзгертумен шешуге болмайды. Атап айтқанда, жастардың, азаматтардың арасындағы мәдениет деңгейін де көтеру керек. Елімізде осы бағытта үлкен жұмыстарды атқару керек деп ойлаймын», — деді М.Әшімбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, бұл бағытта тиісті мемлекеттік органдар жұмыс атқарып жатыр. Дегенмен осы іс-қимылдар жеткіліксіз болуы мүмкін.
«Жалпы, түсіндіру, ағарту жұмыстары керек екені анық. Мектептерде, университеттерде тәрбие жұмыстарын күшейту керек. Себебі көп мәселе тәрбиеге байланысты. Өзара сыйластық, құрметтеу, қыздарға қол көтермеуді бала кезінен түсіндірген жөн. Сондықтан бұл проблемада тәрбие жұмыстарындағы кемшіліктерді көріп тұрмыз десек, артық болмайды», — деді Сенат төрағасы.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры