Салық төлегісі келмей ме, әлде…

29 қыркүйек 2023, 15:33

Өткен аптада қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитеті шетелден қаржы алатын жеке тұлғалар мен ұйымдардың тізімін жариялады. Оған бейресми ұйымдар, қоғамдық қорлар, құқық қорғаушылар мен журналистер (жалпы саны 240) енген.
Тізімге іліну «құрметіне» ие болғандардың төбесінен тоқ еткізгендей жаңалық емес. Бұйрық биылғы 26 наурызда күшіне енген.

Әлбетте, ерекше белсенді құқық қорғаушылар да, соңғы жылдары түрліше әрекетімен танылған журналистер де барынша қарсылық көрсетіп, өретүрегелген. Кейбірі мұны Ресейдегі сияқты «иноагент» деп ен тағудың бастамасы деп байбалам салды. Қалың бұқараның қамын күйттейтін белсенді болып жүргенде, сырттан ақша алып отырғанын кім жалпақ жұртқа жайғысы келсін? Тізім жарық көргеннен кейін де «сыныққа – сылтау»: «ЖСН-ді неге жариялайды» деп шу шығарғысы келгендер де табылды. Осы аптада қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов түсінік беріп, барлығы да заң аясында жүзеге асқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай мағлұмат 2018 жылдан бері жинақталып келеді. «239 салық төлеушінің жеке деректерін жариялап, содан кейін сайттан алып тастады деген сөз шықты. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. ЖСН, БСН туралы айтсақ, Салық кодексінің 30-бабы бойынша салық төлеуші мен оның сәйкестендіру номері салық құпиясына жатпайды. Біз фискалдық орган ретінде Кодексті басшылыққа аламыз. Сондықтан салық төлеушінің деректерін ЖСН арқылы жариялаймыз. Біз үшін салық төлеуші туралы ақпарат маңызды. Ал тізімдегі тұлғалар салық есебін өткізді», – деді Е.Біржанов. Қаржы министрлігінің сайтында ЖСН мен БСН арқылы қай салық төлеушінің жұмыс істейтінін, кімде салық қарызы бар екенін көруге болады. Ал шетелден қаржыландырылатын реестрге келсек, Қазақстан мен FATF (Financial Action Task Force on Money – ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобы) арасында халықаралық келісім бар. Қаржыландыру көзін көрсету міндеті осы құжаттан туындайды. «Шетелден келетін, шетелге жіберілетін қаржыны бақылау шеңберінде валюталық бақылау да бар. Біз бақылаудың осы түрлерін жүзеге асырамыз. Ол аударымдардың ашықтығын қадағалау үшін керек. Біздің елімізге осындай талап қойылды. Мемлекеттік кіріс органдары келесі жылдан бастап Ұлттық банкпен бірлесіп, валюталық бақылау қызметін де мойнына алады», – деді вице-министр. Осылайша сырттан қаржы алатындар үшін «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман» келмеске кетті. Бұдан былай кім болса да қанша алғанын «тықпыштамай» салығын төлеуге міндетті. Табысын жасырып қалғандар 50-ден 350 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді. Табысы туралы шындыққа сай келмейтін мағлұмат берсе, 100-700 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Бір жылдың ішінде екінші рет ұсталса, 150-ден 1000 АЕКке дейін айыппұл төлетіп, жұмысын жүргізуге тыйым салынады.

Наргүл Мырзахмет

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді