Маңғыстау жерінде еліміздің әскери күштерінің «Қалқан-2021» оқужаттығуы болып өтті. Бұл іс-шараға Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері, Ұлттық қауіпсіздік органдары, Шекара қызметі мен Ұлттық ұлан бөлімшелері қатысты.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқу-жаттығу тәсілдерінің орындалуын қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Дархан Ділманов, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов бақылады. Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, негізгі іс-қимыл шекара маңындағы ауданда басталды. Мемлекет аумағын күзету бойынша шекара қызметтері мен Қарулы Күштердің бөлімшелері бірлескен іс-қимылды пысықтады.
Сондай-ақ құрамында арнайы операциясы бар бірлескен әскери топтар құрылды. Әскерлердің іс-қимылы кезінде заманауи қарулы қақтығыстар тәжірибесі кеңінен қолданылды. Бұл оқу-жаттығудағы әдіс-тәсілдердің ерекшелігі Каспий теңізінің жағалауында арнайы операция күштері құралымдарының толассыз жасаған іс-қимылынан көрінді. Әскери қызметшілер оттегі жабдығын пайдалана отырып, жерден аса биік емес аралықта парашютпен десант түсірді. Бұл секірулер жоғары дәлдікпен орындалып, әрі қарай аумақта барлау жүргізді.
Жаттығуда бірқатар тактикалық іс-қимылдар алғаш рет орындалды. Ұтқыр топтардан десант түсіруде олардың одан кейінгі іс-қимылдарына техниканы (квадроциклдерді) жеткізу әскери авиация тік ұшақтарының сыртқы ілмектері арқылы жүзеге асырылды. Әскери-теңіз күштерінің зымыранартиллериялық кемелерінің қолдауымен бір уақытта әскери жүзгіштер су үсті және су асты тәсілдерімен теңіз жағасындағы плацдармды (әскерге арналған алаң) басып алды. Жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде арнайы операциялар күштерінің жауынгерлері 2020 жылдан бастап әскерлердің жауынгерлік даярлық бағдарламасына енгізіліп жатқан армиялық тактикалық атыс тәсілдерін қолданды. Алғаш рет тұрақты негізде әскери-көлік авиациясының ұшағын қондыру үшін кKлік жолының әуеайлақ учаскесі қолданылды.
Олар жеке құрамды дағдарыс аудандарына жеткізді. Шабуылдаушы авиация мен артиллерияны қолданып, теңіз жаяу әскерлерінің бKлімшелері заңсыз қарулы құралымдардың ішкі жаққа Kтуіне жол бермеді. Қарсыластың ұшқышсыз ұшу құрылғылары анықталып, олар радиоэлектронды барлау және күрес құралдарының көмегімен жойылды. Әуеден қонған шабуылдаушы топтар шартты қарсыласты қапталдан қоршап, оларды механикаландырылған бөлімшелер жойды. Қорғаныс іс-қимылдарын қолданған кезде «Сақ қорғаны» деп аталған тактикалық іс-қимыл пысықталды. Бұл шөлді жерде қарсыласқа көрінбейтін бірнеше үймектерді (қорғандар) атыс позициясы ретінде қолданатын жабдықтарды қарастырады. Қосымша бекіністе тұрған танк ұшқышсыз ұшу аппаратының операторынан басқару бекетінде қарсылас туралы мәлімет алып, анықталған нысандарға оқ жаудыртады. Осыдан кейін әскери көлік тасаға тығылып, жаңа нұсқауларды күтеді.
Бұл тактикалық әдіс қарсыластың атысынан танктің зардап шегуін төмендетуге, сонымен қатар анықталған нысандарды зақымдаудың тиімділігі мен ойламаған жерден орындалуына мүмкіндік береді. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев оқу-жаттығуға қатысушылардың ісқимылына жоғары баға берді. Оқу-жаттығу барысында алған тәжірибені әскерлерге енгізу және қолдану қажеттігін атап өтті.
Айдос Құсайынұлы