Онлайн-бизнеске маркетинг арқылы клиенттерді қалай тартуға болады? 1XBET тәжірибесі

06 қыркүйек 2023, 12:21

Онлайн-бизнес офлайндағы креатив арқылы мыңдаған адамды қамтуы мүмкін бе? Компания бренд-амбассадорлар арқылы клиенттердің сеніміне қалай кіре алады? Тез тарайтын жарнамалық роликтер шығарып, беделді өзгертуге бола ма?

1XBET-тің Маркетинг департаменті директорының аналитика және демеушілік жобалар жөніндегі орынбасары Санжар Тоқтасын және диджитал-маркетологы Никита Ли тәжірибесімен бөлісті.

 Офлайн немесе онлайн — Қазақстанда қандай байланыс арнасы жақсы жұмыс істейді?

Санжар: — Жыл сайын 1XBET-тің маркетинг департаменті әртүрлі көлемдегі және форматтағы 100-ден астам жарнамалық науқандарды іске асырады. Бұл үшін командамызға 25 маман жинадық. Бренд-дизайнер сияқты кей қызметкерлер өз бөлімшесінде отырып, біздің жұмысымызға көмектеседі.

Санжар Тоқтасын

Біздің науқандар офлайн да, онлайн да жүреді. Қазақстан қалаларындағы сыртқы жарнамадан және теледидардағы роликтерден бастап бренд-амбассадорлардың әлеуметтік желілері мен онлайн-турнирлердің демеушілігіне дейін барлық дерлік қолжетімді байланыс арналарын пайдаланамыз.

Никита: — Біз маркетингте кешенді тәсілді қолданамыз және бірінші кезекте оны насихаттау арнасынан емес, жарнамалық науқаннан бастаймыз. Сонымен қатар, біздің бизнес саласында digital-арнасы қолжетімділік пен мақсатты трафикті әлдеқайда жақсы тартуға көмектеседі, ал сыртқы жарнама түріндегі классикалық әдістердің брендті тұғырландыруда пайдасы мол.

Никита Ли

Біздің стратегиямыз – мақсатты аудиториямен байланыс орнатуға септігін тигізетін барлық қолжетімді байланыс арналарын пайдалану. Жарнамалық науқандарға байланысты контентті сауатты тарату. Осылайша, біз қазір және осында деген нәтижеге емес, ұзақ мерзімді перспективаға басымдық береміз.

Санжар: — Алайда 1XBET-тің онлайн-форматының бизнестің басқа саласындағы компаниялардан айырмашылығы, кейбір шектеулерге тап болуында. Google және Facebook сияқты әлемдік платформалар Қазақстанда және бүкіл өңірде маркетингтік науқандарға тыйым салады. Бұл ретте Қазақстан заңнамасында онлайн-казиноларды жарнамалаудан басқа қандай да бір тыйым мен шектеу жоқ.

Бұл біздің функционалымызды және әлеуетті клиенттермен байланысу өрісін тарылтады. Сол себепті басқа алаңдарға көбірек көңіл бөлеміз. Мысалы, «Яндекс», «Вконтакте», myTarget, өңірлердегі жергілікті өкілдігі бар онлайн-кинотеатрлар мен бейне-платформалар.

Соңғы жылдары 1XBET-тің маркетинг командасындағы ең үздік 3 кейс

Ивенттер

Санжар: — Біздің көпжылдық тәжірибемізден жарнамалық науқандардың бірнеше сәтті нұсқасын көрсете аламын. Соның бірі ивент. Оларды бірнеше шартты топқа бөлуге болады:

  1. Ивенттерді басынан бастап ұйымдастыру;
  2. Демеушілік

1XBET ұйымдастыратын ивенттер, әдетте қандай да бір оқиғаларға байланысты. Футболдан әлем чемпионатының финалы немесе киберспорттан Қазақстан турнирі сияқты. Жарқын мысалдың бірі — Чемпиондар лигасының финалы. 2023 жылы біздің команда Алматыда «Қазақфильм» аумағында матчтың тегін көрсетілімін ұйымдастырды. Көрсетілім алдында ойындар, тіркелгені үшін сыйлықтар ұтысы, сонымен қатар, басқа да іс-шаралар өткізілетін шағын аймақ құрылды. Келушілер тіскебасарлар және сусындармен жағымды ортада уақыт өткізіп, барлығын әлеуметтік желілерде жариялады. Сонымен қатар олар біздің брендпен және «Спорттық эмоциялардың демеушісі» ұранымен өзара әрекеттесті. Бұл келушілерге компанияны оң жағынан таныстыруға көмектеседі. Ал мұның бәрі іс-шараның ауқымын кеңейте түсті: Чемпиондар лигасы финалының Алматыдағы көрсетілімін 8 мыңнан астам адам көрді.

Бұл жергілікті ивенттерге де қатысты. Мысалы, Қазақстан чемпионатының соңғы матчы – «Қайрат»-«Тобыл» командаларының футболдан кездесуінде iPhone 14 ұтыс ойынын өткіздік.

Талай жерде демеуші ретінде өзімізді көрсеттік. Мысалы, Esquire Picnic-те осы форматта жұмыс істедік.

 Бренд-амбассадорлар

 Никита: — Жарнаманың бұл түрінің де 2 бағыты бар:

  1. Жаһандық. 1XBET футболдан А сериясының, Ла-Лига, ПСЖ, Барселонаның, киберспортта Electronic Sport League (ESL) және Team Spirit командасының серіктесі болады.
  2. Жергілікті. Біз өз саласында танылған белгілі қазақстандық спортшылармен серіктестік орнаттық. Мысалы, «AdreN» Дәуренмен (GO ойыншысы), «Қайрат» шағын футбол қақпашысы Игита және жекпе-жекші Әйгерім Әбілқадыровамен ынтымақтастық жасаймыз.

Жергілікті бренд-амбассадорлар Қазақстан тұрғындарының сеніміне кіруге, брендтің оң беделін қалыптастыруға көмектеседі. Атақты адамдармен жұмыс қарапайым қағидаға негізделеді: өзінің спорт түрі бойынша еңбегі сіңген танымал адамдарды іздейміз. Әлеуметтік желілерде және интернеттегі танымалдық индексіне қарамаймыз, өйткені бұл әркез дұрыс мәлімет бермейді, спортшылар көбінесе өзінің әлеуметтік желісін блогерлер сияқты жүргізбейді ғой.

Содан кейін біз ынтымақтастық жөнінде уағдаласып, креативтің бірнеше түрін әзірлейміз. Мысалы, суретке түсіреміз, шағын бейнероликтер жасаймыз, кейде серіктестерімізге өздері білетін саладағы спорттық іс-шараға болжам жасауды ұсынамыз.

Сосын креативтерді қажетті байланыс арналарына орналастырамыз. Әдетте бұл спорттық іс-шаралар өтетін орындардағы сыртқы жарнама, осы саладағы сайттар мен БАҚ-тағы баннерлер, теледидар мен интернеттегі бейнелер. Мұндай контент тез таралып, аудиторияның өсуіне пайдасын тигізеді.

Санжар: — барабандармен жасалған ресейлік 1XBET жарнамасы интернетті жаулап алған соң, біздің компанияның (тіпті Қазақстанда да) атауын естіген адамға «Ірі ұтыстар», «Сенімді букмекер», «Жылдам төлемдер» деген нақты сөздер ойына бірден түседі. Бірақ дәл қазір бізге бұл қажет емес.

1XBET адамдардың ақша ұтып алуға келетін орын емес, жарқын спорттық эмоциялардың демеушісі ретінде қабылдағанын қалайды.

Бұл үшін 2022 жылы атақты велошабандоз Александр Винокуровпен серіктестік орнатып, «Спорттық эмоциялардың демеушісі» ұранымен ролик жасадық. Содан кейін бұл креатив ондаған басқа форматқа бейімделіп, онлайн да, оффлайн да жүрді. Мінекей, алдында айтқан кешенді тәсілдің арқасында Қазақстандағы мақсатты аудиторияның 80+%-ымен өзара іс-қимыл жасай алдық, яғни оның бәрі еліміздегі 21 жастан асқан ер адамдар.

Олжабек Байқуатов

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді