jasqazaq.kz

Оқушы қыз сабақ үстінде мұғаліміне сезімін білдіріп, ұсыныс жасады (видео)

31 желтоқсан 2017, 21:37

Ресейдің Уфа қаласында оқушы қыз мемлекеттік бірыңғай емтиханға дайындау орталығында сабақ кезінде мұғаліміне сезімін білдіріп, ұсыныс жасаған, деп хабарлайды ГорОбзор.ру басылымына сілтеп Stan.kz.

Фото: Көрнекі сурет
Мұғаліміне ұсыныс жасаған оқушы қыздың әрекетін оқушылардың бірі видеоға түсіріп алып, YouTube-те жариялаған.

Қыз сыныптағы өзге оқушылардың алдында 25 жастағы мұғалімге сезімін білдіргісі келген.

«Көптен бері бір шешімге келе алмай жүрген едім. Бірақ бүгін төзімім шегіне жетті. Сізді, сіздің сөзіңіз бен ерекше дарындылығыңызды ұнатамын. Біз жақын араласа аламыз ба?», – деді тақта алдында тұрған оқушы қыз.

11 сынып оқушысы оқитын «Ньютон» МБЕ-ге дайындайтын орталықтың директоры аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, мұғалім сабақ кезінде оқушы қыздың ұсынысына көңіл аудармай, онымен жеке сөйлесетінін айтқан.

«Мұғаліммен сөйлестім. Ол оқушы қызбен артық сөйлеспегенін айтты. Бірақ оқушы қыздың оны ұнатқаны байқалған. Ол мұғаліміне үй тапсырмасын сылтауратып жиі хабарлама жазып жүрген», – дейді орталық директоры Денис Матюшин.

Оның пікірінше, қыз қатарластарымен бәстесіп, бәс үшін сезімін білдірген болуы мүмкін. Сонымен қатар ол өзі қызмет атқарған екі жыл ішінде мұндай оқиға бірінші рет орын алғанын және бұл жағдайдың орталықтың беделіне кері әсері тигізбеуі керек екенін айтты.

«Былтыр өзім де сабақ бергенмін. Мұндай жағдайларды саралап отыратынмын. Яғни бастысы – оқу процесі, ал басқасы жұмысқа қатысты болмауы тиіс», – дейді Матюшин.

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды