jasqazaq.kz

Нөсер жаңбыр салдарынан Өзбекстанның бірнеше аудандарын сел басты

14 мамыр 2020, 16:49

Кеше, 13 мамыр күні болған нөсер жаңбырдың салдарынан Өзбекстандағы бірнеше аудан аумағын сел басты, деп хабарлайды ӨзА агенттігі.

Атап айтқанда, Ташкент облысы Бостандық ауданының бірнеше таулы аймақтарында орналасқан елді мекендердің көшелерін, үйлердің аулаларын су басып қалды. Оқиға орнында 189 құтқарушы мен 26 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, Сұрхандария облысының Байсын және Алтынсай аудандары аумағындағы Алтынсай арнасының тасу қаупіне орай ондағы 900-дей азамат уақытша эвакуацияланды және көлік қатынасы уақытша тоқтатылған. Тасқын салдарын жоюға 150-ден астам қызметкер, сонымен қатар 20-ға жуық техника тартылды. Мұндай жағдай Науаи облысы Зарафшан, Нұрата аудандарында да байқалған. Мұнда 300-дей азамат 9 автокөлік және 70 жеке құрамның көмегімен қауіпті аймақтан көшірілді. Облыстық ТЖМ хабарлауынша, адам шығыны болмаған.

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды