jasqazaq.kz

Назерке Әріпті өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

29 желтоқсан 2017, 11:13

18 жастағы Назерке Әріпті өлтірген Құрбан Исхаковқа қатысты сот үкімі оқылды,- деп хабарлайды InAlmaty.kz.

Кісі өлтіру әрекетіне қатысты сот отырысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде өтті. Қылмыскер 21 жылға қамалсын деген үкім оқылды.

«Үкім шықты, біз енді оны аппеляцияға береміз. Ол өткен жолы да өзінің мерзімінің соңына дейін отырған жоқ. Оны өзін жақсы жағынан көрсеткені үшін мерзімінен бұрын босатқан. Бұл жолы да солай болуы әбден мүмкін»,-деді Назеркенің анасы Сәуле Сарбаева.

Сонымен қатар қыздың анасы айыпталушыға тек «Кісі өлтіру» бабы ғана қолданылғанын, ал «Зорлау» бабы қолданылмағанын айтты. Өйткені дәлел жоқ.

Айта кетейік, 18 жастағы қыз 10 шілдеде жоғалып кеткен болатын. Ол Алматы облысындағы Тұздыбастау ауылынан шығып кетіп, қайтып оралмаған. 4 қыркүйекте қыздың мәйітін зираттар орналасқан аймақтан тауып алған.

stan.kz

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды