jasqazaq.kz

Мүйіз сатып жүргендер құрыққа түсті (видео)

20 сәуiр 2021, 11:08

Қарағандыда киік мүйізін сатып жүргендер ұсталды Қарағандыда киік мүйізін сатып жүргендер ұсталды. Күдіктілердің көлігін тінткен кезде Қызыл кітаптағы жануардың 274 мүйізі шықты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Үш күдікті мінген көлікті тәртіп сақшылары ұзақ аңдыған. Ұстау операциясы кезінде 34 жастағы көлік жүргізушісі мен оның екі сыбайласының қолына кісен салынды. Көліктің жүксалғышы киіктің мүйізіне лық толған. Күдіктілердің үйін тінту кезінде де түз тағысының мүйіздері табылды. Тіркеуде жоқ қару жарақтар жүздеген киікті қыруға қолданылса керек. Күдіктілерге сирек кездесетін жануарларды қырғаны және заңсыз қару сақтау бабымен айып тағылды. Кінәсі дәлелденсе, үшеуі де 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Бүгін, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
Бүгін, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
Бүгін, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
Бүгін, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
Бүгін, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
Бүгін, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды