jasqazaq.kz

Мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігі – заманның талабы

14 желтоқсан 2018, 14:09

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде, «келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс» деп атап көреткен болатын.
Күн санап артып келе жатқан ел экономикасының арқасында ұстаздарымыздың да экономикалық әл-ауқаты ескеріліп, жылдан-жылға мұғалім мәртебесі де көтеріліп келеді. Деседе, Педагог мәртебесін нақты заң жобасы арқылы айқындап алу ел көкейінде жүрген көптен бергі мәселе болатын. Ұстаздарға қатысты ел арасында тараған кейбір келеңсіз мәселелерден кейін, яғни, “Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді” демекші өлшеусіз еңбегі бола тұра, еңсесін моралдық тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да көтеруі қиынға соға бастаған еді. Елбасымыздың бұл тапсырмасыұстаздар қауымының жүрек түкпіріндегі сұраныстарын қанағаттандырғандай болды. Талқыға түсіп жатқан заң-жобасы кең ауқымды қарастыруды талап ете отырып, ұстаздардың қоғам алдындағы жауапкелшілігін арттырары сөзсіз.
«Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі. Мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл рухы асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деп Әл-Фараби атамыз атап кеткендей ұстаздық талаптарды қанағаттандыра алатын ақыл иесі атану үшін болашақ педагогтарды дайындаудан бастау керек. Болашақ ұстаздарды дайындап отырған бірден бір жоғары оқу орны Қыздар университеті қоғамдағы кең талқыға түсіп жатқан келелі мәселеге алғашқылардың қатарында өз ұсыныстарын жасап, талқылау жұмыстарына белсене ат салысып отыр.
Ұстаз мәртебесін көтеру бұл тұтастай қоғам болып жабыла ат салысуды талап етеді, мектеп бітіруші түлектеріміз амалдың жоғынан мемлекеттік грантты иелену үшін таңдай салатын мамандық емес, таласа таңдайтын мамандыққа айналу керек. Еліміздегі мектептерде мамандардың жетіспеушілігіне қарамастан кейбір педагог жас мамандар өз саласында жұмыс атқарудан бас тартып жатады. Себебі, бітпейтін қағазбастылық пен тексерістерден, мардымсыз жалақысымен өз қажетін қанағаттаныра алмайтыны алаңдататыны сөзсіз еді. Елбасымздың көздегені де міне дәл осы жағдайды түбегейлі жою.
Жоғары білімді жас маманның жалақысы: мектепке дейінгі білім ұйымдарында — 54 мың теңге, орта білім ұйымдарында – 60 мың теңгені құрайды екен. Мемлекет тарапынан педагогтардың материалдық жағдайларының барынша жақсаруына жағдай жасалса, болашақ педагогтарды дайындайтын оқу орнының оқытушысы ретінде жасандылықтан бойы аулақ, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, ұлтының өткен тарихы мен бар болмысын намыс көрмей керісінше, мақтан ететін, өз мамандығының маңыздылығын жүрегімен сезіне алатын, үйренгені мен түйгенін елінің ертеңіне керекке жаратуға асығатын, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген заманның талабына ілесе алатын кәсіби маман дарярлауға күш салуымыз керек. Бұл заң жобасы аясында ұстаздардың ел алдындағы беделінің көтерілуімен қатар материалдық жағдайын да жақсартып, кәсіби адалдықты қалыптастыруымыз керек.

Атам қазақта баласын ұстазға тәрбиелеуге бергенде “еті сенікі, сүйегі менікі” дейтін көрінеді, бұл сөздің астарында ұстазға деген сенімнің жатқаны сөзсіз. Мұндай жауапкершілікті мойнына жүктеген ұстаз өзінің ертеңі үшін қалтықсыз еңбек етуге дайын тұрады. Қит етсе баласының сөзін сөйлеп, ұстаздар қауымын айыптауға дайын тұратын ата-аналар қауымының да бұл мәселеде алар орны ерекше болмақ. Шәкірт тәрбиелеу ежелден бері «үштіктің» бірлігі. Бірінші, ата-ана тәрбиесі. Екінші, мектептегі тәлім-тәрбие. Үшінші, қоғамның ықпалы. Міне, көріп отырсыздар, аталған үш жақ тығыз сәйкеспеген жағдайда шәкірттің адам болып қалыптасуы үйлесім таппайды. Осы кезге дейін қоғамда қылаң беріп талас-тартыс тудыратын бір мәселе балаға тек қана білім беру жағы назарға алынып, сыңаржақты жарты адамдарды көбейтіп алдық. Тарихқа назар аударып, бабалар мен даналардың айтқанына жүгінсек, ол туралы Әл-Фараби ұстаз «Тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат алып келеді» деп түйіндеп түсіндірген екен. Ендеше, алдымен тәрбие дұрыс бағытта берілу керек екен де, білім сол тәрбиелі адамдарға жүктелгенде ғана жасалған жұмыс нәтижелі болмақ. Бұл мәселені теңіздегі кемемен салыстыруға болады. Кеменің мықтылығы, азық-түліктің молдығы, қажетті құрал-жабдықтың жеткілікті болуы басты нәрсе емес, маңыздысы теңізшілердің шеберлігі, қозғалыс бағытының туралығы дер едік. Баратын бағыты, жететін жері анық болғанда ғана кеменің теңізге шығу мақсаты іске асады. Дәл сол секілді мектеп алып кеме, оның түпкі мақсаты Абай атамыз айтқан «толық адам» жетілдіру.
Бүгінгі таңда оқу-оқыту саласында тәрбиешілердің дені әйелдер қауымы. Ол әдейі жасалып отырмаса да, өмірдің ырғағы солай қалыптасып отыр. Солай болғандықтанда біздің Қыздар педагогикалық университетіміздің мойнындағы жүктің салмағы жеңіл емес екенін сеземіз. Қыздарымыз ертеңгі ана, өмірдің желкені, отбасының ұйтқысы. Онан ары әр салада қызмет етіп қоғамның қозғаушысы ретінде рөл атқарады. Сандаған кәсіптер мен мамандықтар арасында ұстаздық жауапкершілігі мол, бейнеті ауыр міндет. Міне, осы саланың қадір-қасиетін жақсы бағалаған Елбасы өзінің маңызды жолдауында қадағалап өткені ең алдымен мемлекеттің білім жүйесін реттеуге, сонан соң ұстаздардың жеке бастарының білім деңгейін көтеру, тәжірибесін шыңдау, мәртебесін биіктету жақтарынан аса пайдалы. Сондықтанда «Педагок мәртебесі туралы» заң қабылдау заманның талабы, уақыттың қажеттілігі.

Нұрай Байтұрсын,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Физика кафедрасының оқытушысы

05 маусым, 13:24
Түркістан: Бу-газ қондырғысының құрылысы талқыланды
05 маусым, 13:12
Түркістан: Созақта абаттандыру жұмыстары қарқынды
05 маусым, 12:35
Самат Талғатұлы: Түркістандағы ауыл тұрғындарына оңалту қызметтері қолжетімді бола түсті
05 маусым, 12:26
Түркістанда мүгедектіктің алдын алу мен оңалту қызметтері қандай деңгейде?
04 маусым, 12:21
Түркістанда тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт салынуы мүмкін
03 маусым, 15:16
Сауран ауданында 280 мың басқа арналған құс фермасы іске қосылады
03 маусым, 14:48
Түркістан: Қазығұрт ауданындағы индустриалдық аймақта 8 жоба жүзеге асып жатыр
03 маусым, 12:49
Түркістан: Мақтаралда қоғамдық көліктер жаңартылды
03 маусым, 12:47
Түркістан: Мың шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр