jasqazaq.kz

Министрден Алғыс хат алған оқушы

01 маусым 2023, 15:29

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қарағандылық жас палуан, джиу-джитсу бойынша күресетін Ілияс Балтағазыға Алғыс хат жолдады. 14 жастағы спортшы татамидегі шеберлігін әлеуметтік желі арқылы жария етіп көпшіліктің ықыласына бөленген болатын. Ілияс джиу-джитсу күресімен 2017 жылдан бері айналысады. 6 жыл ішінде ол Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Азия чемпионы және Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Министр жас спортшының жетістіктерін атап өтіп, болашақта одан әрі жеңістер тіледі.

«Қазақ спортының болашағы Ілияс сияқты жас таланттармен байланысты. Ол біздің елімізді халықаралық деңгейде абыроймен таныстырып үлгерді, оған қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, әлем чемпионы болуды, содан кейін Қазақстанға Олимпиаданың алтын медалін әкелуді тілеймін», – деді Асхат Оралов.

JQ-Aqparat

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды