Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мереке кезінде жұмыста алкоголь ішуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Этикалық кодекстің 5-бөлімінің 5) және 11) тармақтарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдар қызметіне кедергі келтіретін немесе тиімділігін төмендететін әрекеттердің алдын алуы тиіс», — деп жауап берді Агенттік редакцияның ресми сауалына. Сонымен бірге, Агенттіктің мәлімдеуінше, мемлекеттік қызметшілер қызметтік тәртіпті мүлтіксіз ұстанып, өз қызметтік міндеттерін әділ әрі сапалы атқаруы керек және жұмыс уақытын тиімді пайдалануы тиіс. «Осылайша, Этикалық кодекс нормаларына сәйкес, мемлекеттік мекемелелерде спирттік ішімдіктер ішуге жол берілмейді», — деді сарапшылар.