jasqazaq.kz

«Мұнай құдайы»

17 маусым 2016, 17:36

IMG_8003 (копия)

Суретші Сәкен Бектияров жұртшылыққа тағы бір туындысын ұсынды. Әлеуметтік желіде жариялаған дүниесін «Мұнай құдайы» деп атапты. Мұндай сурет саларда Ежелгі Мысырдағы астық құдайы Рененутетті еске түсірді ме екен? Бұл жағы бізге беймәлім. Белгілісі – біздің дәуірімізде астық сияқты мұнай да тіршілік көзі. Әсіресе, «қара алтынға» телмірген елдерді дағдарыс қыспаққа алған тұста. Журфактың түлегі Сәкен бүгінгі тренд, яғни қазіргі құбылысты дөп басып отыр.
Кеше үкімет басшысы Кәрім Мәсімов те «Қаласақ та, қаламасақ та, біз сайып келгенде шикізат еліміз. Сондықтан шикізат ресурстарының инвестицияға тартымды болуы маңызды мәселе» – деді. Мұны жалпақ тілмен түсіндірсек, үкіметтің «диверсификация (экономиканы әртараптандыру), жасаймыз, дайын өнім шығарамыз» дейтін небір әйдік жобалары жүзеге аспады. Мұнай қымбат кезде қазынадан қомақты қаржы бөлінсе де, ақшаның жұмсалғанын премьер-министрдің өзі де жоққа шығармайды: «Біз сіздермен 2 жыл бұрын тамақ (азық-түлік) қауіпсіздігі бағдарламасы жөнінде әңгіме қозғағанбыз. Ақша бөлдік. Енді оны кімнен сұрарыңды білмейсің. Министрлік «Мұнымен банктер айналысқан» дейді. Ал банктер «клиенттерді қайта несиелендірдік» дейді. Іс ілгері жылжымады» – дейді ол.
Үкіметің ендігі үміті – ауыл шаруашылығы. Бұл жетіде ауыл шаруашылығы министрінің мәртебесі өсіріліп, вице-премьер атанды. Биік мінберден ауылдағы ағайынды жұмыспен қамту, отандық азық-түлік өндіру қажеттігі жөнінде айтыла бастады. Бірақ индустрияландыру секілді ірі бағдарлама болмаса, бәрі сөз күйінде қалуы мүмкін. Диқан мен малшыға нақты қадам, қаржылай қолдау қажет. Қиналса, қазынаға қол жаюды әдетке айналдырған жекеменшіктегі банктер ауыл шаруашылығына бармайды. Олар экономиканың басқа саласына да ақша салып жатқан жоқ. Шаруа қожалықтарын қаржыландыратын арнайы банк құру қажеттігін газетімізде талай рет жазғанбыз. Тек шикізатқа емес, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорын мен шағын цехтарды салуға инвестиция қажет. Кезінде Алматы жеміс-жидек зауыты Талдықорғанның ар жағы мен бер жағында өсірілген жеміс пен көкөністен дайындалған шырын, повидло, тосап, тұздалған қияр, капуста және помидордың түр-түрін ұсынатын. Қазір отандық тұтынушы шетелдік фермерді жарылқап отыр. Осы орайда, экономист Сіләм Ахметов жалпы көлемі 153 млрд долларға жеткен сыртқы қарыз бен инвестицияның елеулі бөлігі шикізат өндіруге, тек 0,2 пайызы ғана ауыл шаруашылығына бөлінгенін айта келе, үкіметтің экономиканы диверсификациялау жөнінде мақсаты болғанына күмән келтіреді.
Бейімбет Майлин «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз» – деп сонау 1923 жылы жырлаған. Шикізат бағасының тұзағына түскен экономиканың гүлденуі, қылмыс пен әзәзіл сектаның жетегінде жүрген жастарға жұмыс тауып беру ауыл шаруашылығын өркендетуге байланысты болып тұр. Дейтұрғанмен бұл бүгін-ертең іске асатын шаруа емес. Әзірге үміт мұнайда. Осы аптада Қашаған кенішінің қайта іске қосылатыны тағы да жария етілді. Атқарушы билік шикізат ресурстарына инвестиция қажеттігін бекер айтпайды. Қазақ мұнай және газ институтының бас директорының орынбасары Әкбар Тұқаев хабарлағандай, былтыр тікелей шетелдік инвестиция 3 млрд доллардан аспапты. Бұрнағы жылмен салыстырғанда екі есе аз. Ә.Тұқаев 2020 жылы «қара алтын» бағасы 100 долларға жетіп қалады деп жұртты бір желпінтіп қойды.

Срайыл СМАЙЫЛ

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі