jasqazaq.kz

М.Әшімбаев: Қытаймен шекарадағы кептеліс қолдан жасалып отыр

16 наурыз 2023, 13:55

Қытай пандемияға байланысты саясатын өзгертті. Ал шекарада ұзын-сонар кезек. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 2023-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылаған отырыста осылай деді.

«Инфляция қысымын бәсеңдетудің бір факторы — Қазақстан-Қытай шекарасындағы логистика. Бізге Қытайдан көп көлемде тауар келеді. Шекарада кептеліс болса, кезек үлкейеді. Делдалдар, ақша жинайтындар көбейеді, жемқорлық артады. Ондай «алымдар» елдегі тұтынушының қалтасына салмақ түсіреді. Шекарадағы ахуалды тазарту арқылы, тосқауылдар мен делдалдарды, қандай да бір жемқорлық схемаларды жоя отырып, бағаны төмендетуге ықпал етеміз», — деді ол.
Мәулен Әшісбаевтың айтуынша, кейінгі кезде кәсіпкерлерден шағым жиі түседі.

«Шекарада жүк көліктері көп тұрып қалады. Қытай режимді либералдандырып, жеңілдеткеніне қарамастан, проблема сол күйі қалып отыр. Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмасын орындайтын уақыт келді. Сенаторлар да бұл іспен белсенді айналысуға дайын. Бұл жерде осыған мүдделі тұлғалар, жемқорлар аз емес сияқты. Шекарадағы бүкіл процестерді цифрландырып, автоматтандыру керек. Қытай жағы оған қарсы деп ойламаймын. Олар мұндай бастаманы толық қолдайды. Кеден және өзге құрылымдар тарапынан жасанды жолмен қойылып отырған тосқауылдарды алып тастау қажет. Менің ойымша, Қытаймен шекарадағы жағдай — елдегі бағаға тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Біз мұны жоя аламыз деп ойлаймын. Ол фактор көп жағдайда қолдан жасалған. Пандемия аяқталуға жақын. Қытай өз саясатын өзгертті. Ал шекарадағы кезек әлі сол қалпы. Бұл, әрине, көп сауал туындатады. Үкімет бұл мәселемен мықтап айналысады деп ойлаймын. Сенат депутаттары да оны бақылауда ұстайды», — деді Сенат төрағасы.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта