jasqazaq.kz

Ләйлә Сұлтанқызы: Маған ән айтпа деді

11 шiлде 2023, 11:09

Instagram желісіне тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің жас күнінде сахнада ән айтқан күндері туралы бейнежазбасында енді үлкен сахнаға шыққысы келмейтінін сөз етті.

«Жаңа босанған кезім. Түріме күлуге болмайды. Томпақтығыма күлуге болмайды. Екіншіден, кәсіби әнші емеспін. Сол кезде марқұм Болат Атабаев маған: «Ләйлә, қоя ғой. Үлкен сахнаға алғаш және соңғы рет шыққаның болсын», — деді. Содан менде комплекс қалып қойды. Тіпті караокеге барып ән айтпаймын ғой. Бала болдық. Бірінші рет «Екі жұлдыз» жобасы. Өзім де күліп алдым әйтеуір не болса да. Елдің бәрі күліп жатқан сияқты», – деп күлді ол. Сондай-ақ тележүргізуші «Екі жұлдыз» жобасына қалай қабылданғаны туралы да айтты. «Есімде жоқ, 2009 жыл ғой деймін. Ол кезде Динара Адам продюсер болатын. Продюсер маған осы жобаға қатысуға ұсыныс жасады. Мен жерден жеті қоян тапқандай, өзімді керемет әнші сияқты сезініп, келістім. Соған қарағанда өзіме қатты сенімді болғанмын ғой. Адам деген өзіне, түріне, дауысына, талантына қарау керек қой негізі. Өз-өзіме деген сенімділігім мол болған ғой сонда», – деп әңгімеледі Ләйлә Сұлтанқызы. Сонымен қатар Ләйлә жас күніндегі видеосының сілтемесі жекесіне күніне бірнеше рет келіп тұратынын айтты. «Ректен түсірмейтін оқырмандарым-ай. Осы видеоның ссылкасы күніне бес рет келетін шығар жекеме», – деді ол жазбасының сипаттамасында.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:29
Школы Туркестанской области вступают в цифровую эпоху
Бүгін, 14:14
Туркестан: В школах «Келешек» реализуются современные образовательные проекты
Бүгін, 13:54
В Туркестанской области активизируют работу по обеспечению занятости населения
01 маусым, 14:55
Алматыда Балаларды қорғау күніне орай инновациялық шығармашылық орталығы ашылды
28 мамыр, 17:07
Алматы облысында төтенше жағдайларға қарсы қандай жұмыстар жүріп жатыр?
28 мамыр, 14:21
Туристический потециал Отырара: новый взгляд на древнее наследие
28 мамыр, 14:02
В Туркестанской области введены в эксплуатацию 29 «Комфортных школ»
28 мамыр, 14:00
Туркестанская область - лидер по краткосрочным экономическим показателям
28 мамыр, 13:59
Туркестан: Ведется строительство солнечной электростанции мощностью 300 МВТ