jasqazaq.kz

Кино түсіруден әркімнің бар дәмесі: байқау бойынша тексеру жүргізіледі

25 мамыр 2023, 16:49

Ұлттық киноны қолдау орталығы мемлекет қаражаты есебінен түсірілетін киножобаларды іріктеу үшін өткізген ашық конкурс бойынша тексеру тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.

«2023 жылғы 22 мамырда «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында өткізілген 2023 жылға арналған киножобалардың ашық конкурсына министрлікте тексеру жүргізу комиссиясы құрылды. Тексеру жұмыстары құрылған комиссия шеңберінде жүргізіледі және мәселе уәкілетті органның тұрақты бақылауында», — деп жазды Алтай Көлгінов.

Ол бұл мәселе бойынша мәдениет және спорт министрлігі қандай ұстанымда екенін де айтты.

«Ашық іріктеуде қабылданбаған киножобалардың 38 өтініш берушінің негізгі қызметі экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес келмеуі, 21 киножобада құжаттар қағаз түрінде ұсынылмаған және сценарийге патенттің жоқ болуы, 94 киножобада дәйексіз деректер немесе бұрмаланған ақпарат ұсынылуы (патент киножобаның атауына сәйкес келмейді, компаниялардың салық берешегі бар, өтініш беруші іске асырған жобалар туралы растайтын құжаттар жоқ және т.б.) бойынша бұзушылықтар анықталған. Сондықтан 153 жоба қабылданбай, қайтарылды. Бұдан бөлек министрлік пен орталыққа іріктеуге өтпеген өтінім иелерінің 60-тан астам арыздары түсті. Арыз иелеріне ресми жауап беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді», — делінген жауапта.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
14 шiлде, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
14 шiлде, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
14 шiлде, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
14 шiлде, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
14 шiлде, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі