jasqazaq.kz

Құлашын кеңге жазған Қонаев қаласы

28 қараша 2023, 12:41

фото: informburo.kz

фото: informburo.kz

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуды көздейді. Бұл бағытта ауыл-аймақта тақтайдай тегіс жол салып, тұрғындарды сапалы ауыз сумен, жарықпен, жылумен, сондай-ақ баспанамен қамтамасыз ету маңызды. Мұндай міндеттер Қонаев қаласы әкімдігінің алдына да қойылды. Өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы облысының орталығы Қонаев қаласы болып бекітілгеннен кейін осы саладағы жұмыс айрықша қарқын алды.

Бас жоспарда бәрі қамтылды

2022 жылдың мамыр айында Алматы облысының орталығына айналған Қапшағай қаласының атауы Қонаев болып өзгертіліп, оны дамытудың жаңа стратегиясы қабылданды. Сөйтіп жаңа әкімшілік мәртебені иеленген шағын шаһардың өсіп-өркендеу бағыттары Үкімет бекіткен Бас жоспарда көрініс тапты. Осы Бас жоспарға сәйкес, Қонаев қаласы 2050 жылға дейін қаржы және мәдени, өнеркәсіп-инновациялық, көлік-логистикалық, ғылыми-ағарту орталығы болып, Алматы агломерациясының азық-түлік белдеуіне айналуы тиіс. Сонымен қатар осы өңірдегі туристік әлеуетін дамытуға да айрықша маңыз беріледі.

Қаланың бүгінгі аумағы тоғыз мың гектар шамасында. Жаңа Бас жоспар бойынша қала аумағы үлкейін, 19 мың гектарға жеткізілмек. Демографиялық болжамға сәйкес, 2050 жылға қарай мұндағы тұрғын саны 200 мыңға жетеді. Демек баспана мәселесін қазірден бастап ойластыру қажет. Сондықтан 2050 жылға дейінгі Бас жоспарға сай Қонаев қаласында 2 538,2 мың текше метр жаңа тұрғын үй салынбақ. Қазірдің өзінде 170 тұрғын үй, бес мектеп және екі емхана құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ал инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 44,7 млрд теңге, жол жөндеуге 7,5 млрд теңге бөлінген.

Қаланы Астана сияқты екі жағалауға бөлу жоспарланған. Мұнда өз әуежайы мен студенттер қалашығы бар Smart City бой көтереді.
Қонаев қаласы Бақанас жол айрығына дейін кеңейіп, «Жаңа Іле» тұрғын үй алабында жаңа шағын аудандар тұрғызылады.

Тұрғын үй құрылысы қарқынды

Қонаев қаласы мен өңір халқының көбеюіне байланысты облыс орталығының әкімшілік мекемелерін, әлеуметтік сала объектілерін салу және тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жоспарланған. Қонаев қаласы Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Дархан Қарағонысовтың jasqazaq.kz сайтына берген мәліметінше, биыл көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру есебінен жеке инвестициялар арқылы 12 қабатты Sun City тұрғын үй кешенін салу жоспарланған екен. Бұл орайда бөлім басшысы: «Қонаев қаласы бойынша жеке құрылыс салушылар есебінен көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Қонаев қаласындағы «KazSMU» ЖШС 12 қабатты тұрғын үйден (360 пәтер) тұратын SUN City тұрғын үй кешенінің құрылысына кірісті. Жер учаскесінің ауданы 0,8 гектарды құрайды. Ал үш блоктың жалпы ауданы — 23,061 мың шаршы метр. Бұл нысан «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі негізінде үлескерлердің ақшасын тарту арқылы салынып жатыр. Биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланды.

Сонымен қатар құрылыс салушының инвестициялары есебінен Даңғыл мекенжайында орналасқан «Маяк» жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. Тұрғын үй кешенінің аумағында тренажер залы, кафе және жазғы терраса, супермаркет және құрғақ тазалау пунктін ашу жоспарлануда. Аяқталу мерзімі — 2024 жылғы 4 тоқсаны. Құрылыс компаниясы мен «Қазақ құрылыс компаниясы» АҚ арасында үлестік құрылыс туралы шартқа қол қойылды. Жаңа облыс орталығы болғандықтан, тұрғындарға жайлы тұрғын үй салу қаламыздың бас жоспарында бекітілген. Әкімдік тарапынан жер телімдері бөлініп, тұрғын үй салатын мердігер компаниялармен келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар жеке құрылыс салушы «R&M Construction» ЖШС «АRISTOCRAT» көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізуде. Бұл нысанның ауданы 3 4098 гектарға 25 үй (552 пәтер) салу жоспарланған, тұрғын үйлердің жалпы ауданы 54,528 мың шаршы метрді құрайды»,- деді.

Ауыз су мәселесі шешімін табуда

Дархан Қарағонысов Қонаев қаласындағы инфрақұрылымды дамыту және сумен жабдықтау жұмыстарының қалай жүзеге асып жатқанына да тоқталды. Бөлім басшысының айтуынша, Қонаев қаласы аумағындағы ауыз су және кәріз жүйелерінің жұмысына «Қонаев Су Арнасы» МКК кәсіпорыны жауапты. Аталған мекеменің негізгі қызметі сумен жабдықтау көздерінен су алу және оны ауыз су сапасына дейін тазарту, кәсіпорынның балансында коммуналдық меншіктегі су құбыры — кәріз құрылыстарын күтіп ұстау және пайдалану болып табылады.

Фото: Қонаев қаласы әкімдігінің фейсбуктегі парақшасынан алынды

Фото: Қонаев қаласы әкімдігінің фейсбуктегі парақшасынан алынды

Дархан Қарағонысов: «Бүгінде аталған кәсіпорынның қызметтерін 18 022 абонент пайдаланады, оның ішінде тұрғындар — 17044 абонент, кәсіпорын – 978 абонент. Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін тұтынудың үлес салмағы: халық саны-32 %, бюджеттік ұйымдар-19 %, басқа ұйымдар-49 %. 2023 жылғы қаңтардан, тамызға дейін шығындалған су көлемі – 4 954 821 текше метрді құрады. Іске асырылғаны — 3 450 626,25 текше метр, оның ішінде «Жылу Орталығы» МКК — 749 381 текше метр. Кәріз суларының көлемі — 2 196 243, 66 текше метрді құрады. Биылғы жылдың 1 жарты жылдығында іске асырылған сумен жабдықтау бойынша қызметтер көлемі 2836,8 мың текше метрді құрады, 1867,2 мың текше метр кәріз сулары қабылданды. Техникалық шығындар 27,4 пайызды құрады. Қонаев қаласының тұрғындарына сапалы ауыз су жеткізу және кәріз жүйелерін қалпына келтіру мақсатында: Бюджет қаражаты есебінен Қонаев қаласындағы «Гүлдер», «Қарлығаш» шағын ауданында «Сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңарту» басталды. Сумен жабдықтау құбырларын қайта жаңарту — 17,8 шақырым, желілердің тозуын 4,8 пайызға дейін төмендету көзделген. Кәріз құбырларын қайта жаңарту — 7,13 шақырым, желілердің тозуын 3,3 пайызға дейін төмендету көзделген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен «Шах» ЖШС мердігер ұйым айналысуда. Шарт бойынша қайта құруды аяқтау 2023 жыл қараша айының соңына дейін», — деп атап өтті.

Бұдан бөлек, қазіргі таңда «Қапшағай су арнасы» кәріздік сорғы станциясын қайта құру жобасына сәйкес қала аумағындағы 11 сорғы станцияларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Келісімшартқа сәйкес құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі — 2024 жылдың қараша айы.

Жарық пен жолдың жөні бөлек

Қонаев қаласындағы жарықтандыру жүйесі мен жол мәселесінің шешілуін шаһардың құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ержан Тұрыспаев әңгімеледі. Ол: «Қазіргі таңда қаланың жарықтандыру жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу мен күтіп ұстау бойынша ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейінгі мерзімде мердігер ұйым «СК Альянс центр» ЖШС-гі жауапты. Бүгінде мердігер ұйыммен қала көшелерінің жарықтандыру жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда: 1200 дана ДРЛ-250 шамдары,125 дана жарық диодты шамдар ауыстырылды, 182 шамға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2 км кабель ауыстыру жоспарда. Ағымдағы жылы «Astana LED Projects» ЖШС мердігер ұйымымен энергияны үнемдейтін жарықтандыруды қамтамасыз ету бойынша көше жарықтандыру жүйесінің жарық шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Техникалық ерекшелікке сәйкес 1050 дана жарық шамдарын орнатылатын болады»,- деді.

Бөлім басшысы сондай-ақ Қонаев қаласындағы жол мәселесінің шешілу барысын да айтып өтті. Оның айтуынша, 2022 жылдың желтоқсан айынан бері мердігер мекеме «Нью Левел» ЖШС-гі Қонаев қаласы Сейфуллин көшесіне абаттандыру жұмыстарын жүргізуде (жолдың енін кеңейту, жаяу жүргінші жолдарын салу, көше шамдарын жаңарту). Жобаға сәйкес, Сейфуллин көшесінің ені 10 метрден 15 метрге дейін ұлғайту көзделген. Абаттандыру жұмыстары 2024 жылға жоспарланып отыр.

Бүгінде Қонаев қаласының жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда мердігер ұйыммен келісімшарт жасалып, геодезиялық жұмыстар жүргізілуде. Келісімшартқа сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталу мерзімі 2024 жылдың 30 қараша айына дейін. Бұдан бөлек, «Гүлдер» және «Қарлығаш» шағын ауданының жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарының жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданыпты. Сонымен қатар, «Қонаев қаласының кешенді даму жоспарына» сәйкес, 2024 жылдан бастап қала ішіндегі Алматы, Абай, Әуезов, Вивальди, Железнодорожная, Сидранский, «Спутник» шағынауданының көшелері, 19-20 шағын аудандарындағы Ботагөз, Алмагүл, Веселая көшелеріне қайта өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды.

Түйін
Айта кету керек, қаладағы казино атаулы басқа жақтарға көшірілмейді. Өйткені ойын бизнесі бюджетті тұрақты түрде толтырып, мыңдаған адамды жұмыспен қамтып отыр. Дегенмен ойын мекемелері қала ішінде емес, республикалық трассаның бойында орналасады.
Қонаев қаласын айрықша тартымды ететін жағажай да алдағы уақытта адам танымастай өзгеріп, көркейетіні айтылды. Жағажайды абаттандырып, көздің жауын алатын инсталляциялар орнатылады. Тұрғындар мен туристер демалып, көңіл көтеретін кафе, ойын-сауық орындары көптеп ашылады. Қысқасы, 10 жыл ішінде Қонаев шаһары тұрғыны көп, туристік әлеуеті зор, ел экономикасына қомақты үлес қосатын заманауи қалаға айналады.

Мақпал Ноғайбаева

16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта