jasqazaq.kz

Қуат Хамитов ерсі әрекеті үшін Төреғалиді қалай жазалайтынын айтты

11 қантар 2018, 12:28

Танымал спортшы, аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Төреғалидің Павлодар сахнасында көрсеткен ерсі әрекетін сынап тастады. Спортшы қандай жағдай болмасын, үлкен кісіге дөрекі сөйлеуге болмайтынын кесіп айтты. Ал бұл оқиғадан кейін Төреғалидің өзі ойлануы керек, деп түсіндірді ол.

Бұл туралы Қуат Хамитов Hit-TV арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Әнші болсаң да, спортшы болсаң да, жалпы кім болсаң да, қарапайым халыққа мінезіңді көрсетуге болмайды. Үлкенді үлкен деп, кішіні кіші деп, әйел адамды әйел деп сыйлау керек. Сондықтан қандай жағдай болмасын, қарапайым халыққа мінез көрсеткен дұрыс емес. Ол жерде не болғанын көзіммен көрген жоқпын. Бірақ сонда да халықпен олай айқайласуға рұқсат жоқ. Үлкен кісілер біздің әкеміз, анамыз, болашағымыз. Қазақ өзі аз халықпыз, сондықтан бір-бірімізге дауыс көтеріп, мінез көрсетсек, ертең еліміз үлкен елдердің қатарына кіреді деп ойламаймын және бұл салт-дәстүрімізге де қайшы”, – деп сынады ол Төреғалидің әрекетін.

“Ат төбеліндей ғана аз халықпыз” деген Қуат Найман бұл жағдайдан кейін Төреғалидің өзі тәубесіне келуі тиіс деп есептейді.

“Қазақ – біреуді түзейтін, тәртіпке қоятын халық емес. Кешірімді, момын халық. Сондықтан мұндай сәтте адам өзі жеке ойлануы қажет. Өзі де қарапайым халықтан шыққаннан кейін ол халықпен бірге болу керек, осындай жағдай арқылы өзін түзеу керек.

Егер шетелде басқа халықтың арасында жүрсем, білектің күшімен шешуге болатын еді. Бірақ Қазақстанда тұрғаннан кейін, өз қазағыма мен күшімді көрсете алмаймын”, деп түсіндірді ол.

Ал алғашқыда Төреғалиді сынап, жерден алып, жерге салған Меруерт Түсіпбаева бұл ойынан айнып қалған ұқсайды.

“Әрине, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды дейді. Басында мен қатты ренжідім. Өйткені ол менің жерімде болған оқиға, жерлестеріме қатты жаным ашыды. Менің жерлестерім сабырлы, момындау, орысшалау халық. Оның мақалын айтқым да келмейді, мәдениетсіздеу мақалды сол жерде отырған адамның 50 пайызы түсінбеді деп ойлаймын. Осы оқиға Шымкентте, не Ақтауда болса, халық тұрып кетіп қалар ма еді немесе жанжал шығар ма еді?! Бірақ соның бәрі өте мәдениетті аяқталды. Бәлкім кешірім сұрау да өнер шығар?! Енді бауырымыз шықты, кешірім сұрағандай болды”, – дейді ол.

Бүгін, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
Бүгін, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
Бүгін, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
Бүгін, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
Бүгін, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
Бүгін, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды