jasqazaq.kz

Қуандық Бишімбаев Елбасыдан кешірім сұрады

08 қантар 2018, 11:22

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишимбаев сот залында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Baq.kz.

Экс-министр сотта өзіне тағылған айыптарға қатысты тек шындықты айтатынын әрі жіберген қателігі үшін халықтан кешірім сұрайтынын жеткізді.

«Менің бұл іске қатысым жоқ. Мен мұны біздің қоғамға және ең маңыздысы Қазақстан президенті, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеткізгім келеді. Осындай кәсіби деңгейге жетуім сол кісінің арқасы. Президенттің алдында кінәлі екенімді сеземін. Сенім артып, жұмысқа шақырған азаматтар мені жарға жықты. Мен сол үшін жауап беремін. Олар мені және сенімімді пайдаланды. Сол үшін мен Елбасыдан, халықтан кешірім сұраймын. Осы жағдайға қарамастан мен әрқашан президентке берілген азамат боламын», — деді экс-министр сот залында.

Айта кетейік, 31 қазан күні Астана бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев және аталған іске қатысы бар деп күдікке ілінген 22 азаматқа қатысты алдын ала сот тергеуі басталды. Бұрынғы министрге Қылмыстық кодекстің «Пара алу» — 366-бабы, 4-тармағына, сондай-ақ «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» — 189-баптың 4-бөлімі, 2-тармағына сәйкес айып тағылып отыр.

Айта кетейік, осыған дейін Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары Сейіт Рахманов пен Мәди Мырзағараев экс-министрге тағылып отырған айыптардың негізсіз екенін айтқан. Қорғаушылар тіпті Бишімбаев ісіндегі өрескел бұрмалаушылықтарды атап көрсеткен еді. Олардың айтуынша, Қуандық Бишімбаев соттың әділ өтетініне сенеді.

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды