Қостанайда анасы қызын пышақтап тастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kstnews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл ақпаратты облыстық балалар ауруханасында растады. Қыз пышақ жарақатымен жексенбі күні ауруханаға жеткізілген.
«Қызға жедел түрде ота жасалды. Оның өкпесі, асқазаны, сол жақ бауыры жарақатталған. Іштен қан кеткен. Орташа дәрежедегі қаназдық», — деп хабарлайды бас дәрігердің міндетін атқарушы Игорь Белобржицкий.
Қазір қыз реанимация бөлімінде, тыныс алдыру аппаратына қосылған. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.
Белгілі болғандай қыздың анасы мас болып, оны пышақтап тастаған. Қазір әйел полиция бөлімінде.