jasqazaq.kz

«Қазпоштаға» жасалған шабуыл: 14 млн теңгені қарақшылар ұрламаған

04 қантар 2018, 9:46

«Қазпошта» қызметкері кассада жетпейтін 14 млн теңгені қылмыстық жолмен толтырмақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3 қаңтар күні полиция «Қазпоштада» жұмыс жасайтын әйелдің қылмысын әшкерлеп, оның 3 сыбайласын анықтады. «Қарақшылық шабуыл жасалған бөлім қызметкерлерінен жауап алынды. Олар шабуыл жасалған кезде ешқандай шуды естімегендерін айтты. Алайда 60 жастағы зәбірленуші әйел касса бөлмесіне кіре берген кезде біреулердің желке тұсынан ұрған соққысынан есінен танып қалғандығы туралы айтып, шағымданды», — деді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілі Батырхан Смайлов. Полиция оқиғаның бейнежазбасын егжей-тегжейлі қарап, зәбірленуші әйелдің қарақшылық оқиғаға тікелей қатысты болғандығын анықтады. «Тергеу нәтижесіне сәйкес, 3 қаңтарда «Қазпошта» АҚ-ның 60 жастағы қызметкері кассада жетпейтін ақшаны қарақшылардың көмегімен толтырмақ болғандығы анықталды. Осы мақсатта әйел 3 сыбайласын қылмыстық іске тартқан», — деді Батырхан Смаилов. Іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін 6 желтоқсан күні Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында «Қазпошта» АҚ пошта қызметі бөлімшесіне белгісіз адамдар шабуыл жасап, 14 млн теңгені алып кеткендігі туралы хабарланған болатын.

16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты
16 шiлде, 14:25
Түркістан: Төлеби ауданында тігін цехының жұмысы жолға қойылған
16 шiлде, 11:17
Түркістан: Түрік инвесторы зауыт салады
16 шiлде, 10:28
Медеу ауданында 4 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады
15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды