jasqazaq.kz

«Қазақ батырлары» лондондықтарды таңғалдырды

10 қараша 2019, 16:17

 

Ежелгі жаугергер киімін киіп, қару-жарақтарын асынған қазақ жігіттері Лондон тұрғындарын таңғалдырды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Трафальгар алаңына ағылған туристердің назары алаңның ажарын ашып тұрған Адмирал Нельсонның мүсінінен гөрі қазақ батырларына ауысты. Бойлары 2 метрден асатын жігіттермен олар жарыса суретке түсті. Батырлардың флеш-мобы Елизавета ІІ-ші ханшайымның лондондық ресми резиденциясы алдында жалғасты.

«Мен АҚШ-тың Мичиган штатындағы Детройт қаласынанмын. Бүгін Біріккен Корольдікке келіп, аз-маз бос уақыт табылған соң Букингем сарайына достарымызбен бас сұққанбыз. Біз үшін бұл жәй сәйкестік емес, одан да асқан дүние — батырлармен суретке түсу, олардың шеруін көру, қуанышына ортақтасу. Осы тарихи сәттің бір бөлігі болу мен үшін үлкен бақыт», — дейді туристердің бірі Джон Ликари. «Орда» этно-жобасы аясында Думан, Бектөре, Елуар және Олжас есімді жігіттер екі жылдан бері қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық киімдерін әлем елдері арасында насихаттап келеді.

«Бұл жаққа келудегі мақсатымыз ұлттық киімдерімізді шетелдіктерге көрсету, қазақтың көне ғасырлық тарихын таныту. Ежелгі ата-бабаларымыздың жаугершілік заманда киген ұлттық нақыштағы киімдерін насихаттау»- дейді «Орда» этно-жобасы қатысушысы Думан Әмин.

05 маусым, 13:24
Түркістан: Бу-газ қондырғысының құрылысы талқыланды
05 маусым, 13:12
Түркістан: Созақта абаттандыру жұмыстары қарқынды
05 маусым, 12:35
Самат Талғатұлы: Түркістандағы ауыл тұрғындарына оңалту қызметтері қолжетімді бола түсті
05 маусым, 12:26
Түркістанда мүгедектіктің алдын алу мен оңалту қызметтері қандай деңгейде?
04 маусым, 12:21
Түркістанда тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт салынуы мүмкін
03 маусым, 15:16
Сауран ауданында 280 мың басқа арналған құс фермасы іске қосылады
03 маусым, 14:48
Түркістан: Қазығұрт ауданындағы индустриалдық аймақта 8 жоба жүзеге асып жатыр
03 маусым, 12:49
Түркістан: Мақтаралда қоғамдық көліктер жаңартылды
03 маусым, 12:47
Түркістан: Мың шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр